Талдықорған қаласында қонақүйлердің бірінен 12 жерден пышақ жарақатын алған әкімші әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Марқұмның денесі қонақүйдің бірінші қабатындағы өртті сөндіру кезінде анықталған. Болжамдардың біріне сәйкес, қылмыскер ізін жасыру мақсатында өрт қойған болуы мүмкін.
«24 мамыр күні сағат 04:14-те Paradise Villa қонақүйінің қабылдау бөлімінде өрт шықты. Жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыды. Сағат 04:29-да өрт толық сөндіріліп, 35 адам эвакуацияланды», – деп хабарлады Жетісу облысы ТЖД.
Полиция бұл дерекке қатысты кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Күдікті ұсталған.
«Жедел-іздестіру шаралары барысында 23 жастағы күдікті ізін суытпай ұсталып, қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», – деп мәлімдеді Жетісу облыстық ПД.