Кореяда әкім мұғалімнен екі есе аз жалақы алады

11116
Adyrna.kz Telegram

Кореяда еттің 100 грамы 3800 теңге. Азық-түліктері өте қымбат. Еттерінен уколдың иісі қатты шығып тұрады. Тамақтарын жей алмаймыз. Кеше көшеге шығып, жан жақты барладым. Қатар тұрған үш дүкенде баға үш түрлі. Бірінші дүкенде барлық тауардың бағасы жазылып тұр.

Біз менсінбейтін тез даярланатын кеспелер (доширактар) мұнда шамамен 600 теңге болады. Іздеп жүріп қызыма клубника таптым. 500 грамм клубника 4000 вон, бұл теңгеге шаққанда 1500 теңге болады.

Ал енді үш дүкенде неге үш түрлі баға дегенге келсек,  Кореяда кәсіпкерлер үкіметке жалтақтамайды. Салығын төлейді.  Дүкендерін арнайы уәкілдер келіп тексеріп тұрады.  Өнім бағасын да сол арнайы уәкілдермен кеңесіп қояды. Шығыны өсіп бара жатса,  жалға алу құны жоғарласа бірден мемлекеттік бағалау-сараптау қызметіне жүгінеді. Сосын барып өнім бағасына қосымша құн қосады. Жоғарыда айтқанымдай, еттің 100 грамы 3800 теңге. Себебі кәрістерге келетін еттің 82 пайызы импорт.

Ал қалған 22 пайызы отандық ет өнімдері.  Импорт болғаннан кейін әрине өнім қымбат.  Техникасы дамыған ел болғандықтан бұл жақта ұялы телефон арзан.  Барлық жерде вайфай тегін. Магазинге кіресің парол сұрамай-ақ вайфай қосылады. Клиникада аудармашылар бар. Дүкенге кіргенде гугл переводчикке риза болдым. Орысшаны корей тіліне аударып алдым да, телефон арқылы көрсетіп қалағанымды алдым. Сондағы алғаным 500 грам клубника, тәтті печенье, вафли, нан, салфетка алдым. Осының барлығы 16 мың вон болды. Теңгеге шаққанда 6000 мың теңге. Міне, Корей еліндегі азық-түлік бағасы осы. Бірден палатаға келе салып аудармашыдан "профессорлық атағы жоқ қатардағы дәрігерлер қанша жалақы алады" деп сұрадым. 3500 доллар алады екен. Жәй ғана университет бітірген қатардағы мұғалім, 4000 доллар алатын көрінеді. Ал профессорларының жалақысы 6000 доллардың айналасы. Бұл елде ең құрметті мамандық дәрігер мен мұғалім екен. "Сосын мемлекеттік қызметте жұмыс істейуге аса құлық танытпаймыз" дейді.. Себебі әкім, мэр, депутат, министр дегендердің жалақысы өте аз екен.. Олар мұғалімдерден екі есе аз жалақы алатын көрінеді. Менің ең қызықтырғаны бұл елде мұғалімдер мен дәрігерлерге қоғамдық көлікте жүру үшін арнайы жеңілдік картасы, коммуналдық төлемге арнайы жеңілдік беріледі екен. Барлығын ойланып істейтін халық қой білімі мен денсаулығына қатты мән берілген. Біз экономикаға бөлінетін қаржының 60 пайызын банктерді қуаттандыруға берсек, ал бұл ел білімі мен денсаулығын жандандыруға береді екен. Біздің банктер үкіметтен қаржыны алып алады да, оны халыққа 28 пайызбен қайтара қарызға беріп елді депрессияға түсіріп жүр ғой. Ал бұларда қаржы бірінші кезекте медицина мен білімге бөлінеді. Осыдан барып Үкіметтің бізді сыйламай отырғанына қарным ашты. Сыйласа адам капиталының дамуын ойлап алдымен халықты қарызға батыратын банктерді жарылқай бермей денсаулық пен білім саласына қаржы бөлер еді.
"Бұл арада азық-түлігі қымбат екен" деп мен айтқанмен жергілікті кәрістердің жалақысы оны көтеріп тұр. Оны күліп қана жүретін кәрістердің киім киісінен жүріс тұрысынан аңғаруға болады. "Кедей тұрады деген ауданның өзінде медицинаны дамыту үшін барлығы жасалған" дегенде "еее, үкіметім-ай" деп бір күрсіндім...

 

Қарлығаш ЗАРЫҚХАНҚЫЗЫ,

Корея-Алматы

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер