Тәуелсіз журналист Шыңғыс ханның моласын тапты

2650
Adyrna.kz Telegram

Тәуелсіз журналист Робин Акройд «Ұлы қолбасшы Шыңғысханның жоғалған моласын таптым» деп, жарты әлемге жар салды. 

«Бұл мәлімдеме оның — «Шыңғысхан: Киелі Мазар, жұмбақ қазына» (“Genghis: Sacred Tomb, Secret Treasure”) кітабына енген», — деп хабарлайды британдық Рressgazette басылымы (29 қаңтар, 2016 жыл).

Акройд белгісіз моланың орны солтүстік Моңғолиядағы биік таудың басында деп есептейді. Оның жанында немересі Құбылайдың жатқаны жайлы да ақпар береді.

Ол атты экспедиция қатарында сайын даланы кезіп, көшпенділер арасында өмір сүріп, «Үлкен Жұмбақ Ғибадатхана» шөлімен 700 км жүріп шыққан.

Журналист Ұлы қолбасшының 1227 жылдың тамызында қазіргі солтүстік Қытай аумағында дүние салғанына қарамастан, денесі жерленуі үшін Моңғолия аумағына жеткізілген деген қорытындыға келіпті.

Ол өз кітабында: «Шыңғысхан Қытай жеріндегі Ішкі Моңғолиялық Ордоста жерленбеген. Оның атақты кесенесі жәй ғана ескерткіш. Сонымен қатар, хан жерленген жерді ұранхай тайпасы күзеткен. Олар салық пен әскери қызметтен босатылған. Сол себепті, қағанды жерге тапсыру рәсімінің куәсі болған күзетшілер туралы деректен олардың өлім жазасына кесілгенін түсінуге болады» деген.

59d5578d293b8b803910c983d8e5b899

Ежелгі моңғол деректерін аударғаннан соң және өзінің жердегі зерттеулерінен кейін Акройд Ұлы Қағанның ақырғы мекені туралы бұрынғы теориялар мен деректерді жоққа шығарып отыр. Сонымен қатар, журналист өзінің теориясының Моңғол үкіметімен мақұлданғанын айтады.


«Ұлт порталы»

 

Пікірлер