Қару-жарақ ұрлаған лауазымды қызметкер ұсталды - ҰҚК

5059
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/02/photo_64068.jpeg
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері қару-жарақ ұрламақшы болғандарды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК сайтына сілтеме жасап. Комитеттің мәліметінше, Алматы қаласы мен Алматы облысының 10 тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылды.  
Заңсыз айналымнан 3 "Калашников" автоматы, 3 гранатаатқыш, 2 жауынгерлік граната, 14 пистолет, 1700-ден аcа патрон мен қарудың керек-жарақтары алынды. "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ішкі істер органдары қызметкерінің қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысу фактісі анықталды. Лауазымды адам ҚР ІІМ теңгерімінде тұрған оқ-дәрілерді ұрлауды жүзеге асырған. Сонымен қатар, қару құрастыру бойынша жасырын шеберхананың әрекеті тоқтатылды", - делінген комитеттің сайтында.
27 қаңтарда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен сотталушылар әртүрлі мерзімдерге бас бостандықтарынан айрылды.
 
Комментарии