Алматыға мың жыл

2218
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Қазақстан-2050 «Мәңгілік Ел» Стратегиясы, Мемлекеттік «Мәдени мұра» және «Халық тарих толқынында» бағдарламаларын  жүзеге асыру мақсатында 2016 жылдың 13 қыркүйегінде Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған «Алматының мыңжылдық тарихы: археология және жазба деректері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

      Конференцияның мақсаты – Алматы қаласы тарихының көкжиегін кеңейту және жаңа ғылыми деректерді жинау, ғалымдардың атаулы мәселе бойынша тәжірибе алмасуына жағдай жасау, Алматыны мыңжылдықтарға тамыр тартқан тарихы терең кент екендігін ғылыми негізде дәлелдеу.

      Конференцияға археологтар, тарихшылар, көрнекті ғалымдар, қоғам қайраткерлері, Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы мүшелері және танымал ҮЕҰ өкілдері қатысады. Атап айтқанда баянадамашы ғалымдар қатарында т.ғ.д., профессорлар К. Байпақов, М. Әбусейітова, М. Нұрпейісов, А. Нұржанов, Н. Базылхан сынды тарихшылар бар.

Конференцияның ерекшелігі – шара барысында жәдігерлер мен қолөнер бұйымдары, фотосуреттер көрмесі қойылады.  Сондай-ақ, Алматы маңындағы Есік музейіне, Таңбалы тас ескерткіштер кешеніне экскурция ұйымдастыру жоспарланып отыр.

 

 

 

 

Пікірлер