Ұлт және Ұлы Абай

360

"Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы - заман тынысы, халық үні"
Мұхтар Әуезов

Абай - қазақ өмірінің шынайы суреткері.Әдебиет әлеміне реалистік сипат пен жаңа
мазмұн берген ұлы ақын. Әже ертегісі, әке тәрбиесі, ана сүтінен нәр алып өскен данагөй
данышпан, адамзаттық ой-санаға терең із қалдырды. Әкесі Құнанбай, арғы аталары
Өскенбай,Ырғызбай болыс, билерден бойына ел билеушілік қасиет дарыған Абай, осы
қабілетінің арқасында, халық арасында жүріп, ұлтының тұрмыс - тіршілігінің шынайы куәгеріне
айналады. Көзі көрген әділетсіз, ашкөз болыс, билерді сынап, мінейді.Абай өз
шығармаларында мұндай адамдарды мысал өлеңдерінде де сипаттап көрсетеді. Сыншыл
ақын қолданыста жүрген қазақ мақалдарының мағынасын да ашып, кем-кетігін айқындайды.
Сындарлы саясат, адамгершілік құндылықты да жырына арқау ете білген алып тұлғаның
шығармалары, өз оқырмандарының жүрегіне оңай жол тапқан. Алуан түрлі сезімнің шынайы
мекені болған Абай өлеңдері - нағыз лирика!
Абай Құнанбаев қазақ әдебиетіне ғана емес, әлем әдебиетіне де орасан зор үлес
қосқан. Жас жаны әдебиетқұмар болған Абай, балалық шағынан бастап әлем әдебиетімен
таныса бастайды. Шығыс ақындары :Физули, Шәмси, Сағди, Фирдоуси, Науаи шығармаларына
сыйынып өскен. Жан-жақты өзін дамытқан бала Абай - өлең өрудің майталманы болды! Сөздің
нақышын қиыннан қиыстырған ұлы ақынның әдебиет әлеміне алып келген жаңалығы- қара
сөздері. Тәрбиелік маңызға ие бұл туындыны бүгін де әлем таниды. Жаһандық тілдерге
аударылған Абай қарасөздері-қайталанбайтын туынды!
Абай өлеңдері өз заманында бірнеше сынға ұшыраған. Десе де, бүгінгі күні бұл
шығармалар-қазіргі қазақ халқының тынысы. Өткенге сабақ, келерге үлгі болған Абай
туындылары жаңа заманнан ерекше көрініс тауып жатыр. Оған дәлел : әлем халқының Абайды
оқып, қазақты тануы.
Биыл алып тұлға Абайға 175 жыл!Шығыстың ойшылы, Аристотельден кейінге "Екінші ұстаз"
атанған Әбунасыр-әл-Фарабидің ғасырлық мерейтойымен тұспа-тұс келіп жатқан бұл қуаныш -
жайдан-жай емес секілді. Әлем танып үлгерген қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтің бұл
мерейтойын бүкіл әлем болып атап өтуде. Бұл - әуелі қазақты, сонан соң Абайды ұлықтағаны!
Ақын есімімен аталатын көшелер, театрлар, кітапханалар, мектептер, жоғарғы оқу
орындары мен саябақтар ақынға көрсетілген құрметтің бір парасы ғана. Ақынның мерейтойын
атап өту мақсатында жан-жақта кең ауқымды шаралар жүргізілуде. Абай Құнанбаев - жыл
сайын мерейтойын атап өтуге лайықты мәңгілік классик ақын!
Шоқтығы биік Шәкәрім шығармалары, заңғар жазушы Мұхтар Әуезов зерттеулері-Абай
өмірінен айқын хабар беріп тұр. Көркем суреттелген шығармалардағы ақын Абайдың жүріп
өткен әр жолы, басып өткен әр ізі зор құрметке ие! Қазақтың шамшырағы, биік тұлғасы Абай
Құнанбаев - әр қазақтың соққан жүрегі!
Келер ұрпақ, болашақ жастар бір деммен оқып шығуға болатын Абай
шығармаларымен тыныс алса, елімізде нағыз патриот азамат пен азаматша көп болмақ!

Қарлығаш Әбілда
148 қазақ орта мектебінің оқушысы

Пікірлер
Редакция таңдауы