«Астана» футболшылардың жалақысын заңсыз түрде екі есеге қысқартқан

1049

Халықаралық кәсіби футболшылар қауымдастығы (FIF Pro) «Астана» футбол клубы басшылығынан ойыншылардың жалақысын төмендетуге қатысты түсініктеме талап етті. Бұл туралы "Адырна"  Prosports.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Астана» ФК бас директоры Михаил Гурман FIFA Pro және FIFA-мен жасалған келісімге сілтеме жасай отырып, COVID-19 вирусының пандемиясына қатысты Қазақстан чемпионатының үзіліс алуына байланысты ойыншылардың жалақысын 50 пайызға төмендеткені белгілі болды.

Қазақстан футболшыларының қауымдастығы жоғарыдағы екі ұйымнан түсініктеме алған, олар Гурманмен ешқандай келісімге келмегенін айтқан. FIF Pro ұйымның жарғысында форс-мажор жағдайларына қатысты ережелер жоқ және келісім-шарттар толығымен орындалуы керек деп мәлімдеді. Жалақыны төмендету тек ойыншылардың келісімімен жүзеге асырылуы мүмкін. Гурманға осы жағдайға байланысты түсініктеме беру туралы хат жіберілді.

2 сәуірде «Астана» басшылығы техникалық қызмет көрсететін қызметкерлердің жалақысын 30% төмендеткен. Ойыншыларға сәуір айындағы жалақыны өз еркімен 50 пайызға төмендету ұсынылды, өйткені футболшылардың келісімшарттарының ерекшеліктері жалақыны бір жақты төмендетуге мүмкіндік бермейді.

Пікірлер
Редакция таңдауы