Мақтаарал белсендісі Нұржамал Реметова президентке өз ұсынысын жолдады

5314
Adyrna.kz Telegram

Мақтаралдағы қоғам белсендісі Нұржамал Реметова президентке өз ұсынысын  жолдады.

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың назарына!

ҚР Үкімет басшысы А.Маминнің назарына!

Түркістан облысы әкімі Ө.Шөкеевтің назарына!

Менің билікке қояр бес талабым бар:
1. Шұғыл түрде Мақтаарал ауданында құрылыс бригадалары құрылып, су басқан үйлерді қалпына келтірумен сол бригадалар айналыссын.
2. Тұрғын үйлерді қалпына келтірумен айналысатын бригадалар өзге жақтан құрылысшы алып келуші болмасын. Егіндерін су басып, соның салдарынан күнкөрісінен айрылған тұрғындар құрылысқа жұмысқа алынсын. Құрылысқа жұмылдырылған тұрғындармен келісімшарт жасалып,жалақы заңды түрде төленсін. Оның мөлшерін  ең төменгі жалақы 42500 теңгеге тіреп қоймай, лайықты түрде еңбекақы төленсін.
3. Арыс қаласындағы сияқты мұнда да әр облыс қайта қалпына келтірумен айналысатын болса, онда олар жұмысшыны жергілікті тұрғындардан алсын. Өйткені өзге өңірден келген жұмысшыларға жатын жай, тамаққа қосымша қаражат кетеді.
Жергілікті тұрғындарды жұмысқа алу бір жағынан қаржыны үнемдесе, бір жағынан су апатынан зардап шеккен тұрғындар үшін уақытша болса да күнкөріс көзі болады.
4. Ең бірінші кезекте тұрмысы төмен отбасылар мен көпбалалы отбасылардың үйлері мен мүліктері қалпына келтірілсін.
20-30 гектарлап суармалы жерлері бар азаматтардан бұрын 2-3 гектар суармалы жері бар отбасылардың егістігіне төлем төленсін.
5. Арыстағыдай шу шықпау үшін, ауыл тұрғындарының бүлінген үйі мен мүлкін сараптайтын комиссия құрамына тек билік өкілдері мен солардың төңірегіндегі қоғамдық ұйымдар ғана кірмей, жергілікті қоғам белсенділері де қатыстырылсын.

(белсенділер тізімін құруға көмек бере аламын)

 

 

Пікірлер