Бүгін отандық премьер-лига ойындары жалғасады

3011
Adyrna.kz Telegram

Бүгін футболдан Қазақстан чемпионаты қайта жалғасады. Пандемияға байланысты уақытша тоқтатылған ойындар көрерменсіз өтеді. Айта кетейік, үзіліс кезінде "Ертіс" футбол клубы қаржы тапшылығына байланысты ел біріншілігіне қатысудан бас тартқан болатын.

Нұр-Сұлтанның "Астана" футбол клубы қарсыласы жоқ болғандықтан бұл турда ойнамайды.

Қазақстан премьер-лигасының 3-тур ойындары бес қалада өтеді.

18:00-де "Қайрат"(Алматы) –  "Жетісу" (Талдықорған), "Тобыл" (Қостанай) – "Каспий" (Ақтау), "Қызыл-Жар СК" (Петропавл) – "Оқжетпес" (Көкшетау)  командалары ойнайды.

20:00-де "Ордабасы" (Шымкент) – "Шахтер" (Қарағанды), "Қайсар" (Қызылорда) – "Тараз" (Тараз) командалары кездеседі.

Екі турдан кейін "Астана" 7 ұпаймен бірінші, "Қайрат" пен "Қайсар" 6 ұпайдан еншілеп, екінші және үшінші орында келе жатыр. "Оқжетпес", "Ордабасы", "Астана" және "Қайрат" командалары 3 ойыннан өткізген.

Елімізде футбол маусымы қайта жалғасып жатқан кезде ұлттық құрама командаларының оқу-жаттығу жиындары тоқтатылды. Ұлттық Олимпиадалық комитет жанындағы жедел штаб осындай шешім қабылдап отыр.

Өткен айда ел намысын қорғайтын спортшылар кешенді әзірлікке кірісіп,  еліміздің түкпір-түкпірінде 26 оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылған. Спорттық нысандар санитарлық талапты қатаң сақтаған.

"Адырна" ұлттық порталы

  

 

Пікірлер