Есім-сой тағдырға əсер ете ме?

4908
Adyrna.kz Telegram

Ахметов, Оспанов, Ли, Чжан, Гарсия, Иванов, Мұхамбет, Уильям, Атхарв, Реяндж, Айлин, Ерасыл, Әлихан, Айзере. Адамның әншейінныспысы мен тегін бұл неге сонша шұбыртты деп отырған боларсыз? Бұл әншейін адам аттары мен фамилиялары болса жарар еді-ау, алайда әншейін емес... Әлемде және Қазақстанда кеңінен танымал есімдер мен тектер...

Атымды қойған – заман

  Адамының да заманына қарай сүретінін ескерсек, қазақ даласындағы, қазақ баласына қойылған есімдер де уақыт тынысына қарай түрліше құбылып отырған. Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде жаңа туған нәрестеге есім жеті күн ішінде қойылған. Бұл кезеңде қазақ жұртшылығында көбіне-көп араб, парсы, түркі тілдерінен енген есімдер кездеседі. Ауқатты адамдардың балаларының атын дін өкілдері, яғни имам, молда, қажы, хазіреттер діни ұғымдармен байланыстырып қойған. Ал жағдайы төмен отбасында дүниеге келген нәрестеге есім қою ата-анасының немесе туысының еншісіне бұйырған. Кеңес үкіметі орнаған 20-жылдардан кейінгі уақытта Советхан, Кеңесбек, Октябрь, Армиял, Социал және қысқарған МЭЛС (Маркс, Энгельс, Ленин, Сталин), РЕНАТ (Революция, наука, труд), КИМ (Коммунистический интернационал молодежи) сынды есімдерді қою жиі ұшырасқан. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жеңіс, Жеңісгүл, Мейрамбала,  Намыс, Қайрат, Ерлік, Майдангер және сол соғыста ерлік көрсеткен батырлардың есімін балаға қою белең алған. Бір ғана мысал Бауыржан Момышұлы халық қаһарманы атағын алған соң, Бауыржан есімді азаматтардың қарасы көбейген. Ал еліміз егемендік алған алғашқы жылдары, Бейбіт, Бейбітгүл, Еркін, Азат, Бостандық, Тәуелсіз, Нұрсұлтан, Әділ, Самғау, Бақыт, Ардақ сынды қазақтардың саны артқан. Ел ішіндегі түрлі оқиғалар да дүниеге келген сәбиге есім беруде елеулі рөл ойнайды. Мәселен ЭКСПО, Фестиваль, Мәслихат, Мәжіліс, Саммитхан, Бәйтерек, Азияда, Олимпиада, Сайлаулар  осындай дүниелердің «жемісі». Соңғы жылдардағы статистика елімізде Әлихан, Нұрислам, Ерасыл, Нұрасыл, Айсұлтан, Санжар, Айзере, Айлин, Раяна, Кәусар, Айару, Айша, Айым есімді қаракөздердің артқанын растап отыр.

Шаштараз Алтыншаш немесе су жағалаған Рыбаков

   

    Адамзат жаратылғалы Адам ата мен Хауа анадан басқаның бәрінде фамилия болды ма екен? Әрине жоқ. Фамилиясы түгілі атының қандай екенін білмей қаншама жан «сорлады» екен? Бір миллион? Жоқ, Екі. Қателесіз, үш. ЖОҚ! Тіпті, одан да көп...Бұны есептей алмай, калькулятор «есінен» танар.

   Адамды айтамын, қанша зұлым, қанша қанішер десек те, әлсіз жаратылыс қой. Сенгіш келеді. Кейде, тіпті, көнгіш. Бүкіл өмірін өзінің, әкесінің немесе бабасының есіміне қарай бағыттауы, бейімдеуі, соған сай мамандық таңдауы қызық, ә?Қызықтың қызығы бұған ғалымдар «номинативті детерменизм» деп ат қойып, айдар да тағыпты. Екі мыңыншы жылдардың басында Мэриленд штатындағы Монтгомери колледжінің психолог-профессоры Бретт Пэлхэм әріптестерімен бірге, адамның есімі мамандығына қаншалықты әсерін тигізеді деген мәселе төңірегінде зерттеу жүргізген.

  Зерттеу нәтежиесі көпшіліктің көзін жұмдырмаса да, ауызын аштырарлық дүние болып шыққан. Мәселен, Денисов не Дениз есімді адамдардың деншлігінің (ағылшын тіліндегі dentist) тіс дәрігері, Рыбаковтың басым бөлігі балықшы болса, Джордж (george) геолог, Бейкер (baker) наубайшы, Фармер(farmer) шаруа, Батчер (butcher) қасапшы, Пэйнтер(paint) суретші есімдерін иеленген жандардың басым бөлігінің аттарына «заттары» сай екені анықталған. Ал қазақта еңбек пәнінен беретін ағайдың атының Құрал болуы, шаштаразшы апайдың есімінің Алтыншаш болуы жәй ғана сәйкестік пе? Әлде адамның есімі немесе тегініңмамандығына, белгілі бір деңгейде тағдырына әсер етуі мүмкін екендігінің дәлелі ме?..

Ат қоярда абайласақ...

Ырымшылмыз. Сәл ғана дүниеден секем алып, сәл дүниені жақсылыққа жоримыз. Ал сол ырымның артында халықтың салт-санасы, тарихи танымы, сенімі, болмысы жататыны анық. Балаға ат қою еріккеннің ермегі ме? Ағаш жапырағымен, адам артында қалар ұрпағымен көрікті деп ұққан қазақ үшін әсте олай болмаса керек. Ат қойды деген осы екен деп ауызға түскенін немесе көрген кинофильміңдегі атауды балаға әкеліп таңу оның тағдырымен ойнау емес пе? Ал сол  ұрпағына дұрыс есім қою - ата-ананың мойнына артылар жауапты міндет. Жоғарыда айтқанымыздай заманға сай есімдер де сан құбылатыны, жаңаша атаулардың да пайда болатыны ақиқат. Алайда баланың болашағын ойлауды, оны дұрыс азамат не азаматша етіп тәрбиелеуді дұрыс ат қоюдан бастасақ қалай?

Ел ішінде бұрынырақта болыпты дейтін мына бір әңгімемен ойымызды қорытындыласақ. Ертеде Абыз бидің алдына үш жігіт келіпті. Содан әлгі би алдыңғы екі жігіттің әңгімесін тыңдап болған соң, үшінші жігітке қарап:

-   Шын асылдың көзінде от болады деуші еді. Қарағым, есіміңді айтшы, депті.
-    Әкемнің аты – Аманбала, өзімнің есімім – Кәріпжан дей бергенде, Абыз би қабағы түсіп, басын шайқапты. Қап-ай! «Ат аспаннан, нұр пейіштен» деуші еді. Әкең бұл атты саған бекер қойған екен деп өзінің өкінішін былай білдірген екен:

Ырысын жауға бермес,

Намысын дауға жібермес,

Елдің ері, кісі танысам, сен боларсың,

Бірақ, қарағым, түбі бір нәрседен кем боларсың!

Кәріпжан қартайған кезінде: «Жаманғабұйырған көп жақсы аттың бірін, әкем негемаған қимаған?» - деп налиды екен. Қара қылды қақ жарған әділ би болғанымен, Кәріпжан өмірден перзент сүймей өтіпті...

 

Ағын АЙДЫН,
«Адырна
» ұлттық порталы

Пікірлер