Қырғыздар Қазақстанға заңсыз өтпек болған

2772
Adyrna.kz Telegram

Қырғыздар Қазақстанға заңсыз өтпек болған, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылғы 15 қазанда Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті («Қарасу» өткізу пункті) ҚР Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту әрекетін болдырмады. Шекара наряды «Мерседес-бенц» автомашинасын тексеру барысында автомашинаның салонынан төлқұжаттық бақылаудан жасырынған және шекараны тіркеусіз кесіп өтуге тырысқан Қырғыз Республикасының 6 азаматын тапты.

Автомашина жүргізушісі мен Қырғызстанның 6 азаматы ұсталып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтуге әрекет жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

«Бұл жыл басынан бері қолданыстағы карантиндік шектеулер жағдайында Шекара қызметінің әскери қызметшілері тоқтатқан шекараны заңсыз кесіп өтудің алғашқы әрекеті емес екенін атап өту керек»,-деді баспасөз қызметі. 

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, шекарашылар мемлекеттік шекараны бұзушыларды анықтау мақсатында мемлекеттік шекарадағы бақылау іс-шараларын күшейткен.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер