Қазақтар мен күрдтер арасында қақтығыс өрши түсті

1055

25 қазан күні Ресейдің Саратов облысының Дергачи қаласында қазақ және күрд диаспоралары өкілдері арасында қақтығыс өрши түскен. Бұл жайында "Адырна" ұлттық порталы "СарИнформ" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«СарИнформ»-ның хабарлауынша, қақтығыс 21 қазан күні болған. Мәселе жас қазақ баласын әскерге аттандырар сәтте туған. Ақпарат көзі айтып өткендей, «мас күйдегі» әртүрлі ұлттар арасында төбелес шығып, кейіннен жанжалға олардың жақтаушылары да қосылған. Жанжал туған кезде Дергачиде тұратын күрдтер «өздерінің ағайындарынан» көмек сұраған.

«Екі жақтан «ақсақалдар» келгеннен кейін ғана жиналған күрдтер мен қазақтарды тыныштандыру мүмкін болды. Атап айтқанда, қазақ қауымдастығынан қоғамдастық жетекшілерінің бірі болды. Оқиға орнына полиция да келді.

Келесі күні полиция бөлімінде қоғамдастық жетекшісі қақтығысты қоздырушы күрдтің әкесімен кездесті. Тараптар жанжалды шешуге көмектесетін болып және олар бір-біріне ешқандай талап қоймайтындай келісім жасады», - деген дереккөзде.

Ақпаратта 25 қазан күні тағы да жанжалдың қайта туғандығы туралы айтылған.

Сондай-ақ: «Бүгін басқа аймақтардан күрдтер Дергачиға жергілікті қазақтармен кездесу үшін келді. Олар бұл аймақта қазақтар ұлттық араздықты қоздырады, ал күрдтердің міндеті ­–  бір-біріне көмектесу және оларды ренжіткізбеу екендігін айтты», - деп көрсетілген.

«СарИнформ» хабарлауынша, бүгін тағы да ұлтаралық шиеленіс өрши түскен. Кешке Саратов облысының вице-губернаторы Игорь Пивоваров құқық қорғау органдары басшыларымен бірге Дергачиге барған.

Вице-губернатор: «Олар (жанжалдасқандар - ред.) бірдеңе жасауға тырысқан, бірақ полиция уақытында жұмыс істеді, біз кетіп қалдық, қазір кезекші бар –  бәрі тыныш», - деп жағдайды мәлімдеген.

РФ Ішкі істер министрлігінің Саратов облысы бойынша Бас басқармасы: «24 қазанда полиция қызметкерлері Саратов облысының Дергачи ауданының тұрғындары арасындағы жанжалды тоқтатты. Жедел әрекет ету және қабылданған шаралар нәтижесінде қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілмеді, қақтығысқа қатысушылар арасында зардап шеккендер болған жоқ. Қазіргі уақытта бұл факті бойынша тексеру жүріп жатыр», - деп хабарлаған.

Фото ашық дереккөзден алынды 

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер
Редакция таңдауы