Келттердің Төре-Билері

16650
Adyrna.kz Telegram

Друидтар қазақ тарихымен тығыз байланыста және келттік «друид»
терминінің тамыры қазақ мәдениетінен бастау алады. Бұл пікір менің жалпы
қазақ тарихы мен мәдениетінің ықылым замандағы іздерін зерттеп, барлық
халықтардың ата-тегінің қазақтар болып табылуын дәлелдеуге негізделген
ғылыми еңбектерімде әлемнің бірқатар ұлыстары мен қазақтардың, олардың
қатарында, қазақтар мен келттердің ата-бабаларының да көптеген
ұқсастықтары тілге тиек етіледі және терең де сүбелі дәйектер мен дәлелдер
келтіріледі (Келттер жөніндегі зерттеуіме байланысты толығырақ ақпаратты
менің «Разгадывая тайны древних келтов» айдарымен шығарылған жазбамды
оқып, танысуға болады). Сондықтан, бұл мақала менің келттер жөніндегі
егжей-тегжейлі қарастырған концептуалдық пікіріме қосымша мәлімет
болып табылады.
Друидтар жайлы түйіндемемде, негізінен, қазақтың Төреші және Би
лауазымдық атаулары ұйытқы болып табылатынын алғы шарт ретінде
қарастырдым. Ұсынып отырған пікірімді дәлелдеу үшін Друид және Төре-Би
ұғымдарын қатар қойып салыстырдым. Алдымен, друид жөнінде азын-аулақ
құлағдар еткен жөн болар.
Друидтар біздің дәуірімізге дейінгі шамамен 1200 (кейбір деректерде б.д.д. 800 ~ 450 жылдар) жылдардан б.д. XII ғасырына дейінгі аралықта Анадолы (қазіргі Түркияның Азия бөлігі) мен Еуропаның басым бөлігінде «кельт» атауымен танылған халықтың мәдениетімен байланыстырылады.
Ал, ежелгі друидтарға тікелей қатысты тарихи жазбалар ежелгі Рұм (Рим) еншілігінде.
Келт мәдениетінде Друид немесе Друидае (
арасындағы заңи билік, төрешілік, жоралғы сақтаушы, емшілік және саяси
Druid, Druidae) атағына сол елдің
салтына сәйкес жоғары (дүр) данға шыққандар ие болатын. Олар келттердің
кеңесші міндеттерді атқаратын білімдарлар болатын. Друидтар өздерінің
жандарының мәңгілік екеніне әрі сол жандарын қайта түлетуге болатына
және о’дүниеге сенетін. Рұм жазбаларына сілтеме жасаған бірқатар дерек
көздері друидтарды бағзы замандарда киелі емен ағаштарының айналасында
дүмейтін өте белді әрі беделді ақсақалдар кейпінде бейнелейді. Олардың
ықпалының күштілігі сондай, жөн-жосықты сақтамағандарды ел-жұрттан
аластап, қасиетті құрбандық шалуға жол бермейтін болыпты. Друидтар соғыс
кезінде қарсыласқан тараптардың ортасына түсіп, елдестірген.
«British Museum» журналының пайымдауы бойынша «друидтар темір дәуірінде Британия мен Франция аумағында діни жоралғыларды өткізген абыздар» екен. Сонымен қатар, бұл журнал друидтардың сенімдері мен жоралғылары жөнінде, оның ішінде емен жидектерінің маңызы туралы мағлұматтың саяздығына да мегзейді. Археологтар друидтардың бақсы болғаны жөнінде бірлі-жарым көне-көз бұйымдар, ал олардың діни салттары мен құрбандық атқарғаны турасында елеулі қазба тапқанын да хабарлайды.
Друидтардың сыртқы келбеті жөнінде тарихи мағлұматтың мардымсыздығы мен ешбір суреттің кезікпеуі көптеген сыни көзқарастар тудырып отыр. Әйтсе де, бірқатар ғалымдар оларды ақ шапанды, сырықтай ақ сақалды және қолдарына алтын орақ ұстап, мойындарына білезік немесе жарты ай тәрізді «дан» алқа тағынған кейіптегі тұлға ретінде қарастырады.
«Друид» термині «діни қызметкер, абыз, пір» деп аударылғанымен, олардың атауының шығу тегі келттің dru-wid-s «емен ағашын білетін» сөзінен туындауы мүмкін деген жорамал бар. Ұсынылған аударма терминді прото- үндіеуропалық deru «емен» (салыстыр: қазақша – терек) және weid- «көру, білу» (салыстыр: қазақша – бейне, байқау, ұғу) деген екі құрамдас бөліктен өрбітеді. Бұндай құрылымды Аға Плиний өзінің «Табиғи тарихында» бұл сөзде грек тіліндегі drýs (δρύς), «емен» және гректің -idēs (-ιδης) жұрнағынан тұрады деп есептеген.
Грек мәтіндерінде δρυΐδης (druidēs) түрінде берілген сөздің Бритон аралында
тұратын келттердің тілінде сөйлейтін халықтарда болғаны да анықталған.
Мысалы: ежелгі ирландша druí «друид, дуагөй», ежелгі корнша druw, орта
валлийше dryw «пайғамбар» сөздері.
Кейінгі кездердегі көзқарас бойынша көне келт тіліндегі dru-wid-s (көпше
druwides) сөзінің ықтимал түбірі көне индоеуропалық deru «ағаш», орта
ағылшынша tree «ағаш», орысша дерево «тал» және твердый «қатты», орта
ағылша true «тура (шын)» сөздерімен де байланыстырылады.
Ал, прото-келт сөздігінде прото- үндіеуропалық deru «емен» сөзінің ерте ирланд тіліндегі
derb «тура, берік, күшті» сөзімен симантикалық жақындығы айтылады.
Друид қолына діни ырым, жоғарғы сот билігі және білім салаларының
тізгінін ұстаған абыз болуымен бірге ел билеуші кеңесшісі, қолдаушысы
және дарын ретінде де танылған. Друидтың оқуы ауызша жүрді. Сот рудың
көсеміне немесе халық кеңесіне бағынғанымен, аралық қызмет атқарды.
Сырт қарағанда друид термині қазақтарға қатысы жоқ көрінгенімен, өз
тарихы мен мәдениеті, салт-дәстүрінен хабары бар адамдар үшін бірқатар
ұқсастықтар байқалып тұрады. Қазақ халқы ертеден төрелік айтып, жөн
сілтеген адамдарды ақ сақал, ата, баба деп атаған. Сондай төрешілердің қатарында бүкіл түркі жұртына танылған Қорқыт Ата да болған. Қорқыт Ата
хандар мен қағандарға друидтер секілді қолғабыс, кеңес беріп, соғыс
кездерінде желеп-жебеп отырған. Аңыз бойынша ол Сыр-Дария аумағында
өмір сүрген. Қорқыт Ата жөніндегі уақиғалардың өрбіген уақыты орта ғасыр
кезеңіне жатқызылады. Даңқты ақсақал туралы «Қорқыт Ата» батырлар
жыры кітабында ол көптеген хандарға төрелік айтады. Осы кітапта Қорқыт
Ата түркі хандарының бірі Дірсе ханға баласының бұқамен алысып, жеңіске
жеткен ерлігіне тамсанып, Бұқа деген есім қоюына, оны бек атануына кеңес
береді.
Қорқыт Атаны сегіз қырлы, бір сырлы деп қарауға болады. Себебі ол жырау,
сәуегей, күй атасы, қобыз атасы, көсем, кемеңгер, ұлы ойшыл, әулие, абыз
және бақсылардың желеп-жебеушісі ретінде танымал. Демек, ол тек төрелік
айтушы ақсақал ғана емес, кие дарыған, арқасы бар ерекше адам, яғни Дүр
Бақсы. Ал, бақсылық – қазақтардың және бүкіл түркі әлемінің сенім-нанымы,
тарихы мен мәдениетінің түп тамыры десе де болады. Жүз мың жылға жуық
тарихы бар бақсылық қазақ ата-тегінен бастау алған.
Друидизмнің ұйтқысы друид болып табылса, бақсылықтың белді тұлғасы
бақсы екені белгілі. Қазақтың мифологиясында бақсылар - осы дүние мен о’
дүниені байланыстырушы дүлей күш иесі. Бақсылықта екі дүниені
байланыстыру үшін бақсы экстазға түсіп («арқасы ұстап»), сүлдені, яғни
жандарды, олардың қатарында перілер (ызық, т.б.) мен жындарды (албасты
т.б.) өзіне ырықтап, әр түрлі аспаптарды (қобыз т.б.) пайдаланған. Басқа
дүниеге өту үшін БәйТерек ағашының да орны ерекше. Бәйтеректі - Қарағаш
немесе Кие Ағаш деп те атайды. Қазақтар киелі ағаштардың қатарына емен,
қайың және тораңғылды да қосады. Демек, Емен де Бәйтерек болып
саналады. Қазақ тіліндегі терек сөзі мен прото-келт тіліндегі дру «емен»
арасындағы туыстық байланысты
ПТ tōŕ «қайыңның қабығы (тоз), тоздан жасалған садақтың қорамсабы, тоз ыдыс», derek «терек, ағаш»; PTungus duri
«тоз бесік»; келт тілінің бір тармағы орта уелштік deri «емен» сөздерінен де аңғаруға болады. Друид және Төре-Би атауларының жақындығы келт және скандинавтық күркіреу немесе тарсыл құдайлары Таранис пен Торды - Tennuo «қысқы жидек (долананың бір түрі); үлкен, аға» деп аталатын киелі ағашпен байланысты сипатталуларында.
Қорқыт Атаның өнер иесі ретіндегі кейпі келт халықтарының жырауы, жыршы, күйші, ақын және шежірешісі аталып, друидтардың бірі саналған Бард – қа (bard, bardo, barz) да қатысы бар. Тарихи аңыз әңгімелер бардты - бақсы деп те сипаттайды. Сонда бақсы және бард сөздерінің де жақындығы бар деген тұжырым да ойға ұялайды. Тіпті олардың түбірі қазақ тіліндегі бас («жан», «соңы» деген де мағыналар береді), баба, бір, апа, ата (салыстыр: ПА epV «ата»; ПТ ata / ete / appa / apa «ата-баба» шумер ada «әке, жыр», abba «ата-баба») сөздері болуы әбден ықтимал. Өйткені, бұл сөздердің баламасы хорваттық халым Ранко Матасовичтің прото-келт сөздігінде келесідей берілген: attyo «әке, өгей әке»; fatir «әке»; bā, ba-yo «өлу» bāsto «өлім». Бұл сөздерге ерте ирландық bas «өлім» сөзі туыс болып келеді. Ал, серб тіліндегі baća «әке, абыз» сөзі индо-еуропалық және түркі сөздерінің өзегінің бір екенін айғақтайды. Бақсы сөзіне үнді тіліндегі
«Bhats сөзі Bard терминінің төркіні» деп
айтуы да растайды.
Негізінен, келттік бард / bardo термині қазақ тіліндегі бақыру, барылдау (салыстыр: ПТ bar «дәті бару, шешім қабылдау»; шумер bar «хан, билеуші»), домбыра (салыстыр: шумер miritum, sabitum «муызыкалық аспап»), жыр, сарын (салыстыр: ПА sarV, ПТ sarin; шумер šir, šur «сыңсу, жыр») сөздерімен де байланысты деген ой да келеді. Себебі, bardo сөзінің шығу тегі ПИЕ (прото-индо-еуропалық) gwr̩ hx-dhh1-ó-s «ақын / жырау» немесе «мақтау, көтермелеу» сөзіне негізделген. Демек, бұл жағынан қазақ тіліндегі жырау / жыршы сөзімен сәйкес келеді. Жырау / жыршы сөзіне дыбыстық жағынан жрец «абыз, пір» деген орыс сөзі жақын. Орыс тілі де ПИЕ тілдер қатарына жатады. Жрец сөзінің ескі орыс немесе ерте славяндық нұсқасы жьрѫ болып табылып, литва тіліндегі giriù, gýriau, gìrti «мақтау, көкке көтеру» сөздерімен туыстас болады. Ал, қазақ тіліндегі жырау сөзінің шыққан топырағы ПА iru және ПТ ɨr екенін ескере отырып, қазақтың жырау сөзінің бард терминімен туыстығын аңғарамыз. Оның өзі бізді шумерлік gir, gi «абыз, кие» сөздерімен байланыстырады.
Бақсы және бард ұғымдарын тоғыстыратын тағы бір түйін прото-келттік bakko «кейкі шыбық» пен оның түбірі ПИЕ түбірі bak «шыбық» сөздерінің қазақ тіліндегі бақан (ПА bàku; PT bakna «қылтан, бақан» ), сабақ (ПТ sapak) сөздері бола алады деп санаймын. Себебі, бақан - бақсының өзімен бірге алып жүретін киелі ағашы болып табылады. Қалай болғанда да бард және бақсы атаулары екі дүниеге қатысы болуын қарастыру шарттылық. Сондықтан бұл терминдердің түбірі қазақ тіліндегі бас сөзі болып табылады деген пікірдемін. Өйткені бұл сөз тек қана адамның дене мүшесін айқындап қоймай, «жан», «соңы» және «басшы» деген ұғымдарды да береді. Бас сөзіне баламаны шумердің bar «жан» ежелгі мысырдың ba «кісі», ka/ba «жан, адам» сөздерінен көре аламыз.
Келттердің әңгімелері бардтардың кей жаңадайда заңды бұзған жыраумен байланыстырулары орын алады. Бұл жағдай оларды әуелде би бұйрығымен заңды тапсырысты орындаушыдан, кейін қылмыскерге айналған барымташымен тең қарастыруға мүмкіндік береді.
мырза, басшы, жаратушы» сөзі де жақын келеді. Бұл байланысты АҚШ-тың
зерттеушісу Джефри Снограстың
Друидтар шешім қабылдау алдында бреһонның (brithem, brehon – сот)
ұсынысын басшылыққа алатын болған. Бреһон деп халықтың санасындағы құқықтық нормаларды айқындап, түсіндіріп беретін, бірақ өздігінше
құқықтарды жасамайтын абызды атаған. Бреһондар құқықтарды жырларына
қосып, жарлық таратқан ақындар мектептерінің басшылары да болған, яғни
олар қазақтардың жаршы-жыраулары секілді әдет-ғұрыптардағы тәртіпті
ауызша жеткізіп отырған. Сонымен қатар, бұл абыздар «табиғатта жоқ дүлей
күшті пайдаланатын қаһарлы діни жандар» деп танылған. Прото-келт тілінде
қаһарлы, ашулы сөздері bar(an) деп аударылады. Baran «ашулы, қаһарлы»
сөзінің түбірі ПИЕ bhreh «бұрғыланған шұңғыл, жара», ал синонимі rextu
«бұрқ ету, қаһарлы, ырық, заң» сөздері болып келеді. Демек келттің бреһон
сөзі мағынасы жағынан қазақ тіліндегі бұйрықшы, бірегей ақын, дүр ақын,
батыр (салыстыр: прото-келт torid «батыр») және Бұрхан (қыпшақ: пұт,
Будда) сөздерімен сәйкес келеді. Бақсы мен бреһонның бір атау екенін
әншілер мен жырауларды түркімен тілінде
baqşy немесе bagşy деп атауларынан де аңғаруға болады. Ал, қазақтардың қыпшақ тегінің пали,
санскрит және пракрит жазуларын қолданғанын ескерсек, онда қазақ тіліндегі бақсы сөзінің бреһон терминінің негізі саналатын ПИЕ бһаga сөзіне айналуы да ғажап емес.
fili
welo «көру» сөзіне негізделеді. Бұл сөзге туысқан болып келетін ерте ирландтың file «ақын, өлеңші», fil «бар болу» және ерте
бритондық guilinn «көру» сөздері қазақ тіліндегі би, билеу, білу, білгір, байқау, елеу (ПА ila «анық, көрінетін»; ПТ bil «білу»; büdi «билеу»), үңілу, өлеңші сөздерімен жақындығын көрсетіп, жалпы филе атауын қазақтың би сөзінен болғаны туралы пікірімді растайды (әдетте би сөзін бек деген ертедегі түркі сөзіне негізделеді. Менің ойымша, би сөзі ПТ bāj «бай, белгілі, ақсүйек, киелі, Құдай» жақынырақ әрі түбірі ие, ай және бас сөздері болып келеді).
(ПТ: ălp)
Қазақ тариғында да жырау Би орнында жүре алатын кездері болған. Мәcелен,
1693 - 1781 жж өімір сүрген Бухар жырау Қалқаманұлы би атағына ие болып,
ішкі және сыртқы мәселелерді шешкен көрнекті мемлекеттік қайраткер, әнші,
жырау болған.
Бреһондар филе (filé /
– көріпкел, пайғамбар) деп аталатын абыздардың
қатарындағы друидтарға еріп жүрген абыздар болған. Филе терминінің
төркінін прото-келттік
Ол заманда филе тобының басшысын олав (ollaw «ұлы») деп атаған және
оның дәрежесі галдардың жоғарғы друидтарымен тең болған. Бұл жерде
Олав Филе тіркесін еш мүдірмей қазақтың Ұлы Би тіркесімен теңдестіруге
болады. Оған себеп болатыны қазақтың тарихында Төбе Билердің орнына
Ұлы Би тіркесін қолданғаны. Ұлы
(proto-Turkic: ulug)
сөзіне алып
сөзі синоним болуы, келттік олав терминімен жақындықты айқындай түседі.
Друидизм мен бақсылықты, яғни шамандықты қатар қоятын ғалымпаздардың қарасы аз емес. Солардың бірі Бен Джонсон
Қазақтардың тарихын терең зерттеп жүрген американдық ғалым П.Б.Голден қыпшақ-қаңлылардың бақсылықпен, дуагөйлікпен ертеден айналысатыны сонша, олардың өздерін бақсы (qam) немесе сиқыршы (qangli) деп танитынын және олардың Тәңіріге (Tanri, Tengeri), Ай Атаға, Ай Уаға (Ай Ана), Күшікке / Кішік / Қшқыры (Ай Атаның баласы), Умай Анаға, Умай Бичеге (Тәңірі қызы), Бурханға (пұт, Будда), Жера Анаға, Жұлдыздарға т.б. құдайларға табынып-сиынатынын, Көк, Жер, Жерасты әлемімен байланыстыратын Киелі Тау мен Киелі Ағаштың етегіндегі «тіршілік суынан нәр алған» бақсылар мен батырлардың денесін қайтыс болғанда син (sin) немесе қорғанға (qurġān) қойып, олардың мүсінін (пішін, кескін, түр) де sin деп атайтынын, оның тағы бір атауы балбал болып табылатынын, син мен абақ (abaq) сөздерінің арабша šaxṣ «кісі, адам, тұлға» сөзімен сәйкес келетінін әрі оларға да тәу ететінін өзінің «Қыпшақтар діні» атты еңбегінде атап өтеді. Бұл еңбекте, сондай-ақ, Қышқырыдан тараған ұрпақты Қышқыры бөлчек деп атағанын, сол Қышқыры бөлчек кейін Бөрі, ал қытай деректерінде бірқатары Фули (Fuli) деген атауымен белгілі болып, түркі қағандарында сақшы болғаны, қыпшақтың мағынасы түркі тіліндегі qabuk «ағаштың шіріген өзегі, діңі» сөзімен байланысты екенін, кейде адамдарды құрбандыққа шалатынын, жерлегенде ауқатты адамдармен бірге алтын бұйымдарды қоятынын, бейітке үйілген топырақты tall деп айтатындарын әрі жерлеу рәсімдері ежелгі Сақ рәсімдерімен бірдей екенін келтірген.
Келт тілінде құдай деген Dēwo (прото-индоеуропа тілінде Көк құдайы; салыстыр: Дің, шумер - Dingir), сөздерімен беріледі. Олардың ең үлкен құдайы күркіреу немесе тарсыл құдайы Таранис (Tara-wo, Tigerno; салыстыр: ПТ /Қыпшақ Teŋri / Taŋrɨ) және оны скандинавтар Тор (Thor; салыстыр: ПТ dar: «тарсылдау») деп атайды. Таранис – Tennuo (Теннуо) «қысқы жидек (долананың бір түрі)» деп аталатын киелі ағашпен байланысты сипатталады. Ай Атаның келт тіліндегі баламасы жарық құдайы Aine, Ал Ай Ананың баламасы айдың және жұлдыздардың әйел құдайы Arianrhod болып табылады. Көріп отырғанымыздай, бақсы мен друид сөздерінің мағыналары Сақ, Қыпшақ, Қазақ, Түркі атауларының бір- бірімен және Бақсылықпен жұптары жазылмайтынын, бір түбірден екеніне нұқсайды.
медицинаға сүйенеді. Түсінік бойынша, друидтар адамдарда ессіздік тудыра
«Друидизмді шамандық дін деп
атауға болады, өйткені ол рухтар әлемімен байланысымен бірге холистік
алған және көріпкелдікті дәлдікпен орындаған. Олардың жер мен ғарыш
туралы білімдерінің бір ұшы мегалит кезеңдерден басталған болуы мүмкін». Қазақтардың тарихын терең зерттеп жүрген американдық ғалым П.Б.Голден қыпшақ-қаңлылардың бақсылықпен, дуагөйлікпен ертеден айналысатыны сонша, олардың өздерін бақсы (qam) немесе сиқыршы (qangli) деп танитынын және олардың Тәңіріге (Tanri, Tengeri), Ай Атаға, Ай Уаға (Ай Ана), Күшікке / Кішік / Қшқыры (Ай Атаның баласы), Умай Анаға, Умай Бичеге (Тәңірі қызы), Бурханға (пұт, Будда), Жера Анаға, Жұлдыздарға т.б. құдайларға табынып-сиынатынын, Көк, Жер, Жерасты әлемімен байланыстыратын Киелі Тау мен Киелі Ағаштың етегіндегі «тіршілік суынан нәр алған» бақсылар мен батырлардың денесін қайтыс болғанда син (sin) немесе қорғанға (qurġān) қойып, олардың мүсінін (пішін, кескін, түр) де sin деп атайтынын, оның тағы бір атауы балбал болып табылатынын, син мен абақ (abaq) сөздерінің арабша šaxṣ «кісі, адам, тұлға» сөзімен сәйкес келетінін әрі оларға да тәу ететінін өзінің «Қыпшақтар діні» атты еңбегінде атап өтеді. Бұл еңбекте, сондай-ақ, Қышқырыдан тараған ұрпақты Қышқыры бөлчек деп атағанын, сол Қышқыры бөлчек кейін Бөрі, ал қытай деректерінде бірқатары Фули (Fuli) деген атауымен белгілі болып, түркі қағандарында сақшы болғаны, қыпшақтың мағынасы түркі тіліндегі qabuk «ағаштың шіріген өзегі, діңі» сөзімен байланысты екенін, кейде адамдарды құрбандыққа шалатынын, жерлегенде ауқатты адамдармен бірге алтын бұйымдарды қоятынын, бейітке үйілген топырақты tall деп айтатындарын әрі жерлеу рәсімдері ежелгі Сақ рәсімдерімен бірдей екенін келтірген.
Келт тілінде құдай деген Dēwo (прото-индоеуропа тілінде Көк құдайы; салыстыр: Дің, шумер - Dingir), сөздерімен беріледі. Олардың ең үлкен құдайы күркіреу немесе тарсыл құдайы Таранис (Tara-wo, Tigerno; салыстыр: ПТ /Қыпшақ Teŋri / Taŋrɨ) және оны скандинавтар Тор (Thor; салыстыр: ПТ dar: «тарсылдау») деп атайды. Таранис – Tennuo (Теннуо) «қысқы жидек (долананың бір түрі)» деп аталатын киелі ағашпен байланысты сипатталады. Ай Атаның келт тіліндегі баламасы жарық құдайы Aine, Ал Ай Ананың баламасы айдың және жұлдыздардың әйел құдайы Arianrhod болып табылады. Көріп отырғанымыздай, бақсы мен друид сөздерінің мағыналары Сақ, Қыпшақ, Қазақ, Түркі атауларының бір- бірімен және Бақсылықпен жұптары жазылмайтынын, бір түбірден екеніне нұқсайды.
медицинаға сүйенеді. Түсінік бойынша, друидтар адамдарда ессіздік тудыра
«Друидизмді шамандық дін деп
атауға болады, өйткені ол рухтар әлемімен байланысымен бірге холистік
алған және көріпкелдікті дәлдікпен орындаған. Олардың жер мен ғарыш
туралы білімдерінің бір ұшы мегалит кезеңдерден басталған болуы мүмкін».
Друидтар қазақтың төреші мен билері сияқты жан-жақты кемелденген дана
адамдар болған. Қазақ және келт тіліндегі бұл сөздердің жақындастыратын ұғымдарға «ақсақал, төрелік айтушы, билеуші, ойшыл» мағыналары түрткі
бола алады. Демек, друид және төре-би «сот қызметкері», «әділ-қазы»
ұғымдарымен тікелей байланысты. Қазақ тіліндегі төреші сөзінің түбірлері
төр немесе дүр сөздері болып келеді, себебі ол этимологиялық тұрғыдан ПА
(прото-алтай) t ̔ṓr [e] «бақан, бағана, мұнара; торқа (құрбандық шалатын
орын)»; t ̔ŏŕe «заң, жөн-жосық», ПТ (прото-түркі) tȫr «үйдегі құрметті
орын», töŕ «ірге, тұғыр, түбір, шығу тегі, ата-бабалар», dur «дүр» ретінде
келеді. Сәйкесінше, бұл сөздердің өзегі (морфем) қазақ тіліндегі ту/туу; ПА
t ̔ŏri «туылу, шағысу»; ПТ töre «туылу, төркін (түп тамыры)» болып
табылады.
Сонымен, Төре сөзі «ата-баба» және «жоғары» мағыналарымен теңесіп,
«қорғаушы, пір» мағыналарымен тығыз байланысады. Ол байланысты ПТ
тіліндегі töŕ «тұғыр, түбір, төркін (түп-тамыр), жебеуші (пір)» сөзі ерте
ирланд (келт тілінің бір тармағы) тіліндегі drūi «друид; жоғары; абыз»
сөздерімен сай келуінен көреміз.
Кейде билердің немесе төрешілердің билігі хандардан жоғары болған және
оларды көбіне бақсыларды атағандай баба деген. «Құдай таңдаған» Би болу
үшін олар Друид сияқты ұзақ жылдар білім алып, дайындалған. Ол соттарда
сот, сот орындаушысы және қорғаушы ретінде қатыса алған. Екінші жағынан
дипломат, шешен, қолбасшы (батыр), делдал және елші міндеттерін атқарған.
Қорыта келгенде, мен сақтың Таргытай патшасы, қазақ / түрік Тәңірі мен Ер
Тарғын батыры, шумерлік Діңгірден бастау алатын келттік Танарис, Торид
(батыр) пен Друитардың және қазақтың Төре-Би атауларының түбірі бір деп
топшылаймын. Пайымдауды шумер сөздері tur «дәрежесі бойынша екінші»,
яғни қолбасшы, батыр, tar «ақылға қонымды», tir «орман» және gidri «таяқ,
аса таяқ, ағаш» сөздері нақтылайды. Бұған негіз болып тұрған прото-келттік
daru «емен, ағаш» сөзінің түбірі ПИЕ
хеттік
doru «ағаш, тал» сөзінен болып,
tāru және гректің dory «ағаш, дің, өзек, найза» сөздерімен сабақтасатындығы.
Әділбек Ишанбекұлы
05.12.2020 ж.
Осылайша, мен Друид пен Төре-Бидің ежелгі заманнан қазіргі кезеңге дейінгі
аралықтағы бір-бірінен ажырамас ұғымдар демекпін. Ажырамас осы ұғымдар
киелі қасиетке ие Төр Үй немесе Төр Отау (келтше: Дуру Ати) мен Дүр Ата
(келтше Дуру Аттио / Атта) болып табылады.

Әділбек Ишанбекұлы

Пікірлер