Цой мәлімдемесі: адамдарға қауіп төндіретін қазақстандықтар бар екені айтылды

1963

3 256 адам коронавирус жұқтырған және науқастармен байланыста болған. Бұл - Ashyq қосымшасы енгізілгеннен кейінгі дерек. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Ashyq енгізілген сәттен бастап 3 256 адамда «қызыл» және «сары» статус шықты. Оның ішінде 1 867 адамда ПТР-тест оң нәтиже көрсетсе, 1 389-ы науқастармен байланыста болғандар», - деді министр.

Министрдің айтуынша, аталмыш мобильді қосымша 12 мамырдан Нұр-Сұлтан, 21 мамырдан Алматы әуежайларында пилоттық режимде іске қосылған. Сол кезде 37 адамның вирус жұқтырғаны және 37 адамның індетке шалдыққандармен байланыста болғаны белгілі болды.

«Өкінішке қарай, бұл статистика кейбір санасыз азаматтар үйде оқшаулану режимін сақтамайтынын көрсетеді, олар халық көп жиналатын орындарға барып, ел ішінде емін-еркін жүреді. Осылайша басқа адамдар мен ұшақтағы жолаушыларға вирус жұқтыру қаупін төндіреді», - деді Цой.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар