Арабтарға Қазақ даласында аң атуға рұқсат етілді

2474
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қызыл кітапқа енген құсты атуға рұқсат ету құжатын дайындады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Құжат жобасы бойынша 2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 15 қарашасы аралығында:

Шейх Халифа Бин Заид Әл Нахаянға Түркістан облысы, Арыс және Қарақтау мемлекеттік қорғалатын аймақтарындағы 97 дуадақ пен Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарындағы 99 дуадақты;

Шейх Сурур Бин Мохаммед Әл Нахаянға Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендірлі-Каясан мемлекеттік қорық зонасы аумағындағы 52 дуадақты;

Шейх Сейф Бин Мұхаммед Әл Нахаянға Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендірлі-Каясан мемлекеттік қорғалатын аймағы аумағындағы 51 дуадақты;

Шейх Джасем Бин Хамад Бин Халифа Әл Таниға Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар Андасай мемлекеттік табиғи резерватының аумағындағы 34 дуадақ және республиканың Жусандала мемлекеттік қорғалатын аймағы аумағындағы 80 дуадақты аулауға рұқсат етіледі.

Бұл ретте дуадақтың біреуін ұстағаны үшін төлем 758 420 теңге (260 айлық есептік көрсеткіш) деңгейінде белгіленді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер