Марсқа қарызға ұшып бара аласыз

2166
Adyrna.kz Telegram

SpaceX компаниясының бас атқарушы директоры Илон Маск 2026 жылға дейін адамдарды Марсқа жеткізуге әрекет жасайтынын айтты. Ал NASA ғарышкерлерді Қызыл ғаламшарға 2033 жылы, Масктан жеті жылдан кейін жібермек, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Маск 2026 жылға дейін адамдарды Қызыл ғаламшарға қондыру мақсатына жетемін деп үміттененеді. Ол техникалық кедергілер проблемасын шешуге уақыт жеткілікті екенін айтты.

Илон Масктың бұл бастамасына қатысты Facebook қолданушысы Талғат Қырықбай дәлелді пікір келтіріпті.

«Фотодағы сол жақтағы ең үлкені Илон Масктың жұлдызкемесі...

NASA соған жетпейтін бір зымыранның бір бөлігін жасау үшін 5 жыл уақыт жұмсаған екен. Ал Маск әнеу ең үлкен жұлдызкемелердің әрбірін үш күн сайын жасап отырмақ. Сондайдан 1 000 жұлдызкеме жасау жоспарында бар.

Сосын адамзат пен тіршілікті көпғаламшарлы ету де оның мақсаты.

Есеп:

Әр үш күн сайын бір жұлдызкеме жасап, жылына 100 жұлдызкеме жасап отырса, 10 жылда 1 000 жұлдызкеме дайын болады.

Әр жұлдызкеме 100 адам алып жүре алады, бір ретте 1 000 кеме Марсқа 100 мың адамды апара алады.

Бірінші жылы 100 мегатонна құрылғыларды апарады.

2024 жылы алғашқы жіберу басталады.

2026 жылы адамдарды жібереді.

2050 жылға дейін ол Марсқа 1 млн адамды апарады. Осылайша жерге тәуелсіз қала салады.

Билет құны алғашында барып қайтуға 500 мың доллар шамасында болмақ. Кейінірек 100 мың долларға түсуі ықтимал дейді олар. Сондай-ақ ол жаққа қарызға баруға болады. Масқтың айтуынша, қарызға барып, Марста жұмыс істеп, қарызды өтеуге болады», - деп жазды ол.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер