Ақтөбе облысында ауылдық клуб өртеніп кетті

2863
Adyrna.kz Telegram
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қотыртас ауылындағы клуб өртенді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі.
Оқиға кеше, 9 маусым күні болған. Өрт кешкі сағат 18:37-де басталған.

— Хабар түскен бойыда аудандық өрт сөндіру бөлімінен 8 қызметкер мен 2 техника жедел түрде жіберілді. Өрт төрт сағатқа жуық уақытта сөндіріліп болды. Қызыл жалын аумағы 187 шаршы метр жерді қамтыған, — дейді Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша найзағай түскен. Себебі сол күні қатты жауын-шашын болған. Өрт клубтың шатырынан басталған.

Шығын көлемі анықталғаннан кейін, ғимаратты қайта қалпына келтіру жұмыстары қолға алынбақ.

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер