Сарапшылар: антиденелерге тест тапсырудың қажеті жоқ

4351
Adyrna.kz Telegram

Сарапшылардың айтуынша, коронавирусқа қарсы антиденелерге тест тапсырудың еш қажеттілігі жоқ. Себебі олардың нәтижелері сенімсіз және тест адамның иммундық қорғанысының деңгейі туралы жеткілікті қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

ВВС басылымының хабарлауынша, сарапшылар мұндай тест тапсыру ақшаны бос ысырап ету деп ойлайды. Себебі басты қауіп мынада: мұндай сынақтан өткен, ағзасында қорғаныс бар деп сенген көптеген адамдар шектеу шараларын қатаң сақтамай,  ақырында вирус жұқтырып алуы мүмкін.

"Антиденелердің болуы - бұл "картинаның" жартысы ғана", - дейді Америка Құрама Штаттарындағы Говард Хьюз медициналық институты мен Солтүстік -Батыс университетінің молекулярлық биологы Константин Андреев. — "Адам ағзасында антиденелер сынағы анықталмайтын немесе мерзімі ұзаққа созылатын жасушалар бар. Сондықтан тест тапсыру вирус жұқтырып алмауға ешқандай кепіл болмайды".

Оның айтуынша, бүгінде Ресейде көп белең алған антиденелерге тест тапсыруды  Америка Құрама Штаттарында ешкім жүргізбейді.

Ал Гарвард университетінің денсаулық сақтау мектебінің профессоры Виша Висванаттың айтуынша, ғылыми тұрғыдан қарасақ, коронавирусқа қарсы антиденелерге тест тапсырудың еш мәні жоқ. "Одан да ең дұрысы, тезірек барып, вирусқа қарсы екпе алу", — дейді ол.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер