Ассамблея татулықтың ғана емес мәдениеттің де ошағы

3875
Adyrna.kz Telegram

Әрбір егеменді елдің басты арманы – тыныштық һәм бейбітшілік. Айналамыздағы соңғы жаңалықтарға байланысты бебітшілік құны сезіле бастады. Сұңғыла, кемеңгер тұлға Нұрсұлтан Әбішұлы көпұлтты, зайырлы мемлекет құрып, Ассамблеяны қалыптастыруға мұрындық болды.

Қазақстан халқы ассамблеясы сынды Егеменді ел болғанымызға бір жыл уақыт өткен соң, алғашқы форумда Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясы жария етілді. Идеяның бастамашысы – еліміздің тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Әлемдік тәжірибелер қатарына кірген мұндай оң шешім 1995 жылдың наурыз айында қабылданды, яки, құрылды. Қазақстан халқы Ассамблеясының негізі мақсаты бесенеден белгілі болды. Ол Республика көлеміндегі тұрақтылықты сақтай отырып, бейбіт өмірді қалыптастырады. 2008 жылдың 20 қаңтарында Президент Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы заңға қол қойды.

Кейін бұл қадам Қазақстанның саяси жүйесінің толыққанды бөлігіне айналды. Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқару құқығына ие. Әлем елдері оң қабақ танытқан ассамблея құрамында 394 мүше ел бар. Бұл айтарлықтай нәтиже, жеңіс, бедел.
Көп ұлтты бір шаңырақ астына жинай білген Қазақстан үшін Ассамблеяны құрып, белін белдеу маңызды қадамның бірі болды. 19 миллион халқымыздың тең жартысы өзге ұлт өкілдері. Бірақ біздің керегеміз бен түсер күн, ашық аспанымыз бір, ортақ.

Ассамблея құрудағы басты мақсат ынтымақтыстық пен бірлікті нығайту, оны өз деңгейінде сақтап қалу. Ішкі ұлтараздық қақтығыстарға жол бермеу. Тәуелсіздік алғанымызға отыз жыл. Дәл осы отыз жыл ішінде татулығымызға дат түспеді, қара күйе жағылмады. Өзге ұлт өкілдері Қазақстанға дән риза. Өйткені, біз Отанымызды өз отанындай көрген әр азаматты ерекше құрметтейміз. Тіпті, ол өз ана тілінде сөйлеп тұрса, біз де оның ана тілінде шұбарлап сөйлесек те көңілін қалдырмаймыз.

Ассамблея төңірегінде өткізіліп жатқан әр шара қазақ халқының өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарауын тағы да бір сатыға өсіретіні хақ.

Бірлігімізді тек бірлік күні түрлі фотосуреттермен ғана көрсетпей, шынайы өмірде де нақыштап жүргеніміз айқын. Мысалы, әр 3 қазақтың жанына 2 өзге ұлт өкілі болары сөзсіз. Олар қазақша сөйлей алмай жатса, біз қолғабыс етеміз. Кезекте тұрсақ,оның түсінбей ала алмай жатқан затын біз байыппен алып береміз. Өйткені қанымыз көмекке қарай тартып тұратын халықпыз.

Алайда, кейбір келеңсіз оқиғалар болатыны белгілі ғой. Олардың біріне мысал келтірсек, кейбір орыстар “біз Ресей сендерге сыйға тартқан жерде жүрміз” деп ұлт намысын көтерердей сөздер айтады. Мұндай кезде сабырлық таныту жөн. Өйткені пасық ойды айтып отырған адамға кері сөз сөйлеу артық.

Өз тарихымызды өзіміз жүз есе жатқа білетін болсақ, артық айтылған ойларға күлер едік.

Ассамблея татулықтың символы ғана емес, мәдениеттің алтын ошағы десек те артық етпейді. Өйткені, дәл осы Ассамблея аясында біз елімізді мекен еткен әр ұлт өкілінің өз мәдениетімен танысып, оны ұлықтаймыз, құрметтейміз. Ассамблеяның аясында түрлі шаралар, фестивальдар өтетіні белгілі. Республикалық, әлемдік деңгейде қазақтың аты орыстың қызымен де, корейдің сырғанаушы ұлымен де шықты.

Біз оны марқая да, мақтана да әлемге жар салып айтудан еш жалықпаймыз.
Бұрын мектеп қабырғасында білім алып жүрген кезімде, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиадаға баратынмын. Мектептен мемен бірге дағыстан қызы баратын. Қазақ тілін үш ай каникулда үйренген. Қазақшаға судай. Эссе, шығармаларды керемет жазатын. Мұғалімдер дағыстан қызын қатты құрметтейтін. Өйткені ол біздің тілдің намысын қорғап жүр.

Дәл осындай оқиғалар өте көп. Тіпті, осы жақында әлеуметтік желілерде өз атын ойынша қазақ есіміне өзгертіп, қазақтың өлеңдерін, әндерін жатқа айтып жүрген шетел қызы дүйім жұртты таңқалдырған еді.

Бір шаңырақ астында тату тәтті өмір сүру – қазақтың қонақжайлылық, бауырмалдық сіңген таза қанында деп білемін.

Інжу ӨМІРЗАҚ,

”Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер