Қазақстанда Ресейдің мәдениет күндері атап өтіледі

370

12 қазанда "QAZAQSTAN" орталық концерт залында ресейлік солистер мен Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің қатысуымен "Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері" аясында концерт өтеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. 

Қонақтар орыс композиторларының шығармаларын, орыс арияларын, романстары мен заманауи композиторлардың шығармаларын тыңдай алады.

Сонымен қатар қазақстандық опера әншілерімен де дуэт болады.

Концертте белгілі әншілер өнер көрсетеді:

Заурбек Гугкаев, ресейлік дирижер, Солтүстік Осетия республикасының еңбек сіңірген қайраткері. Ол түрлі петербургтік оркестрмен жұмыс істеді. Оның ішінде – Санкт-Петербургтің мемлекеттік симфониялық оркестрі, Капелла мен Балалар филармония оркестрі бар. Сонымен қатар Беларусь Республикасы мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрімен өнер көрсетті.

Анна Аглатова, Ресей мемлекеттік академиялық Үлкен театрдың солисі. 2003 жылы Анна Аглатова халықаралық вокалистердің "Bella voce" байқауына қатысып, жеңімпаз атанған. 2005 жылы Германияда өткен "Новые имена" байқауына қатысты. Ол жерде үшінші премияны жеңіп алды. 2007 жылы "Золотая маска" фестивалінің арнайы сыйлығын жеңіп алды.

Владислав Куприянов,Мариин театрының солисі, П.Чайковский атындағы XVI халықаралық фестивальдің арнайы сыйлығының иегері. Венгриядағы Crescendo жазғы академияда американдық бас Стивен Моршекадан тәлім алған. Германия, Венгрия қалаларына гастрольмен барған. Райнсбергтегі музыкалық фестивальге қатысқан (Германия);

Владимир Магомедов, Үлкен театрдың шақырылған солисі. Борис Парковскидің Орфей партиясын орындағаны үшін СССР халық әртісі атағын иеленген. 2013 жылы "Большая опера" телевизиялық вокал байқауының жеңімпазы.

Константин Емельянов, П.И.Чайковский атындағы халықаралық байқаудың лауреты. 2019 жылдан бері Yamaha-ның ресми пианисі.

Анастасия Тюрина, 2017 және 2018 жылдары "Москва встречает друзей" халықаралық фестивалінің ашылуында "Виртуозы Москвы" мемлекеттік камералық оркестрде, Веронадағы Х Еуразиялық экономикалық форумда өнер көрсеткен.

Александр Рамм,П.И.Чайковский атындағы халықаралық байқаудың күміс медаль иегері.

Сонымен қатар Вологод мемлекеттік тарихи-архитектуралық және көркемсурет музей-қорығының "Вологодское кружево" көрмесі өтеді. Көрмеге суретшілер Н.В. Веселова, М. Ю. Пальникова, А.Н. Ракчееваның туындылары қойылған.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар