Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев климат өзгеруіне байланысты Қазақстанда бидай шығымы төмендеуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтынв сілтеме жасап.
Тоқаев Орталық Азиядағы жылыну мәселесі алаңдаушылық туғызатынын және шұғыл шаралар қажет екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, бұл әсіресе су мен азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда, қамтамасыз етуде аса маңызды.
"Қазақстан ірі бидай өндірушілердің ондығына кіреді және жылына 7 миллион тоннаға дейін бидай экспорттайды. Егер 2030 жылға қарай жағымсыз сценарий жүзеге асса, бидай шығымы шамамен 40 пайызға төмендеуі мүмкін", - деді Тоқаев халықаралық конференцияда.