Ресейде тағы бір аурудан пандемия басталды

2810
Adyrna.kz Telegram

COVID-19 2021 жылы Ресейге әсер еткен жалғыз проблема емес, тағы бір пандемия бар, дейді реабилитолог әрі салауатты өмір салты жөніндегі сарапшы Александр Фомин. Онымен қалай күресуге болады?Бұл туралы ол Sputnik радиосына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Екі жүз мыңнан астам ресейлік COVID-19-дан қайтыс болды. Алайда жалғыз бұл вирус қана өлімнің үлкен көрсеткішін көрсетпейтінін ашып айтты.

"Менің ойымша, бізде жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім саны 50% құрайды. Бұл тіптен екінші індет десекте болады. Кейбір елдерде бұл көрсеткіш әлдеқайда төмен", - деді Фомин.

Жағдайды міндетті түрде реттеу керек. Жағдайды дұрыстау тек дәрігерлерге ғана байланысты емес. Әр адам көбірек қозғала бастаса, жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін өзі азайта алады, деді терапевт.

Демек, жұмысын отырып істейтін адамдар бос уақытында дастархан басында сағаттап отырмауы керек.

"Жүректің ишемиялық ауруы мен гипертония дамиды, өйткені біз қозғалмаймыз, біз отыруға көп уақыт жұмсаймыз. Кем дегенде сағатына бір рет тұрып, қозғалу керек", - деп кеңес берді Александр Фомин.

Бірақ бұл, әрине, жеткіліксіз.

"Күніне тағы 45 минуттан 90 минутқа дейін белсенді жүруге арналу керек. Белсенді өмір салты үшін жүгірудің қажеті жоқ, тек жаяу жүру керек", - деп түсіндірді маман Sputnik радиосына берген сұхбатында.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер