Алматыда терезеден секірген марқұмның соңғы хаты табылды

8527
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласының полиция департаменті үш баласымен бірге 9-шы қабаттан секіріп кеткен әйелдің соңғы хатын тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

- Хатта сынаққа төтеп бере алмай, өмірден шаршағанын жазған. Ол ешкімді кінәламайтынын, бірақ бұл әрекетіне кінәлі адамдардың өзі хабардар екенін айтып, кешірім сұраған, - деп мәлімдеді полиция.

Дереккөздің хабарлауынша, ол ұл-қызын күйеуімен бірге өсірген. Қайғылы жағдай болған кезде 30 жастағы күйеуі үйінде болмаған. Ал үйдің есігі ішінен құлыпталып тұрыпты. Полиция ішіне кірер кезде есікті бұзды.

Көршілердің сөзінше, отбасы жұртпен бірдей өмір сүрген. Ерлі-зайыпты көпшілік алдында ұрсыспаған.

 - Ол үнемі балалармен аулада серуендеп жүретін. Оның екі қызы мен бір ұлы болды. Кенжесі үш жаста еді. Қарапайым отбасы сияқты көрінетін», - дейді қайғылы оқиға болған үйдің тұрғыны.

Алматы қаласының полиция департаменті тергеу барысында жағдайдың алдын ала себебін хабарлады.

- Отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас кезінде күйеуі екеуі арасындағы жанжал себеп болған, - делінген полиция хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 22 қарашада Жетісу-1 шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде шамамен 12:30-да болды. 28 жастағы әйел өзінің үш баласы – бес және алты жасар қыздары мен үш жасар ұлын тоғызыншы қабаттың терезесінен лақтырып жіберді, содан кейін өзі де секіріп кетті. Оқиға орнында әйел мен екі бала қайтыс болды. Үшінші бала жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер