ҚР Президенті: Тәуелсіздіктің отыз жылы – халқымыздың тарихында бетбұрыс болған жасампаздық дәуірі

2113
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/12/211215185058214e.jpg
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Астана Опера» опера және балет театрының ғимаратында өткен салтанатты іс-шараға қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Қазақстан Президенті барша қазақстандықты ел Тәуелсіздігінің мерейтойымен құттықтап, жиналған қауым алдында сөз сөйледі. Қасым-Жомарт Тоқаев сөйлеген сөзінде Қазақ мемлекеттілігінің ғасырлар бойғы тарихының ең маңызды кезеңдеріне, Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, сыртқы саяси, мәдени, ғылыми салалардағы маңызды жетістіктеріне назар аударды. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Егемен Қазақстанды құру ісіндегі ерен еңбегіне арнайы тоқталды. – Тәуелсіздіктің отыз жылы – тұтас бір дәуір. Бұл – қиындықтар мен сынақтарды табанды түрде еңсеру дәуірі, тар жол, тайғақ кешумен салыстыруға болатын ұзақ кезең. Бұл – халқымыздың тарихында бетбұрыс болған жасампаздық дәуірі. Сондықтан ел азаматтарының атынан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тәуелсіз Қазақстанды құрудағы ерен еңбегі үшін шын жүректен алғыс айтамын, – деді Мемлекет басшысы.  
Комментарии