Бүгін еліміздің бас шыршасы жағылады

2704
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/12/zagruzhennoe-3-2.jpg
 25 метрлік жаңа жыл символын жағу рәсімі бүгін, яғни 19 желтоқсанда өтеді, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Еліміздің жаңа жылдық бас шыршасы дәстүрлі түрде ЭКСПО көрмесінің аумағында орналасқан. Бүгін, 19 желтоқсанда кешкі сағат 19.00-де ЭКСПО көрмесінің аумағында "Нұр Әлем" сферасының жанында еліміздің бас жаңа жылдық шыршасын жағу рәсімі өтеді.
Іс-шараның ресми бөлімінен кейін қонақтар үшін мерекелік концерт өтеді. Сахнада танымал эстрада орындаушылары мен елорданың жас музыканттары өнер көрсетеді. Олардың арасында - Маржан Арапбаева, әнші Дос, Ринат Малцагов бар. Бұл жаңа жылдың басты кейіпкерлері - Аяз Ата мен Ақшақар да қатысады.    

"Адырна" ұлттық порталы.

Комментарии