Семейдегі сақ дәуірі туралы естігенсіз бе?

6032
Adyrna.kz Telegram

“Әлем медиа” порталының бас редакторы Оңғар Қабден өз фейсбук парақшасында Семейдегі сақ дәуірі туралы баяндады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Семейге барған сайын сақ дәуіріне саяхаттап, демалатын үйін таныстырды.

“Мына сақ дәуіріндегі "Хан шатыр" менің Семейге барғанда демалатын үйім. Үйдің қожайыны Шығысқа белгілі этнограф, ақын, шаңқобызшы, сегіз қырлы бір сырлы жігіттің төресі Серәлі Мұхамедсалықов деген досым”,-деді Оңғар Қабден.

Тарихты жаңғыртып, ел есінде мәңгі сақталуы үшін іс жүзінде тер төгіп жүрген досы туралы да әзілдеп қойды.

“Алтайлықтардың өзі үш жарым сағат қана айта алатын қарақыр әуенімен (горловое пение) Серәлі сері сегіз сағат айтып, Гиннестің рекордтар кітәбына енген.

Өзінің айтуынша, үш жұлдызды "Қазақстан" коньягын дәріптеуші. Жұрттар бұрын ішіп, қазір молда болып кетсе, бұл жігіт бұрын имам болып, қазір ішіп кеткен.

Секең туралы таңды таңға ұрып әңгіме айтуға болады. Ал мына үйінде жатып алып, өзінен әңгіме тыңдаған керемет”, деп жазды Оңғар Қабден.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер