Маңғыстау облысында әскери қызметкер өз-өзіне қол жұмсады

2690
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/1587727384_askeri-kyzmetker-kaytys-boldy-kaz.jpg
Маңғыстау облысы Бейнеу ауылындағы шекара заставасындағы әскери қызметкер өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Бұл туралы t.me/orda_kz телеграмм каналы жазды. Әскери қызметкер Еділ Тешебаевтың туыстарының айтуынша, олар бұл жайсыз хабарды  бүгін таңғы сағат бестер шамасында білген.
«Ол телефон соғып, 5 000 теңге жіберуді сұрады. Менде 500 теңге болды, соны жібердім. Сосын әскерилер бүгін таңғы 5 шамасында әжетханада асылып өлгенін айтты. Бірі баумен десе, бірі белдікпен деп айтты. Өзін-өзі өлтіру туралы хатты өзі жазған деседі, қолжазбасы оныкі емес. Оны әдейі өлтірді, ұрып-соғып өлтірді деп ойлаймын. Түнде хабарласқанда шошынып отырған», – дейді Нұржаусын Тешебай.
Марқұм жігіт 20 наурызда 19 жасқа толған. Желіде сарбаздың өз-өзіне қол жұмсау туралы хаты тарап жатыр, ол хатында барлық туыстарына жүгінеді. Бірақ туыстары хатты Еділдің жазбағанына сенімді. Әзірге ҚР ҰҚК шекара қызметі ешқандай ақпарат таратпады.  

 «Адырна» ұлттық порталы.

   
Комментарии