Абай облысында мерзімді әскери қызметкер мен оның ата-анасы жол апатынан қаза тапты

1364
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/xAZ6NCQmHBC8WA49AILT5OEdGQ5HicmuxdZuVMa8.jpg

Абай облысында демалыстан әскери бөлімге бара жатқан сарбаз бен оның ата-анасы жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы Қазақстан Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды Адырна» тілшісі.

Қайғылы оқиға 28 маусым күні Абай облысы, Аягөз қаласының маңында, Өскемен — Алматы тасжолында болған.

«Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы 2025 жылғы 28 маусымда Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің мерзімді әскери қызметкері және оны сейілдемеден әскери бөлімге алып бара жатқан ата-анасы жол апаты салдарынан қаза тапқанын зор күйзеліспен жеткізеді», - делінген хабарламада.

Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол апатынан төрт адам көз жұмған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Lumiere көлігінің 62 жастағы жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, қарсы келе жатқан Toyota Land Cruiser автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Lumiere жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптамалар тағайындалды»,—деп толықтырды ПД баспасөз қызметі.

Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, тиісті көмек көрсетілетінін жеткізді.

Комментарии