"ҰҚК мен СІМ басшылары ұсталды" дегенге жалған ақпаратқа қарсы күрес орталығы ескерту жасады

1492
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/h2cmYv5JJ5Ui3HVJlPsxuUtLuGpn2i7bkvSTBdK5.jpg

ҚР Президент жанындағы  Орталық  коммуникациялар  қызметінің  құрылымында Жалған  ақпаратқа  қарсы күрес  жөніндегі орталық желіде мемлекеттік қызметкерлерге қатысты тараған ақпаратты растамады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Асқар Омаров сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарып, желідегі парақшасында жазды.

Орталықтың мәліметінше, бұл дерек Гүлнар Бажкенованың Orda және Bazhkenova vs. ресурстарында таратылғанымен, шындыққа сәйкес келмейді.

«Жалған ақпарат тарату қоғамның сеніміне нұқсан келтіреді және оқиғаларды бұрмаланған түрде қабылдауға әкеледі. Азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, заңнамаға сәйкес, әдейі жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны еске салынды.

Комментарии