ІІМ ойын-сауық орталығындағы дау-дамай туралы айтып, депутаттарға "шүйлікті", деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қоғамдағы қауіпсіздік пен тәртіп мәселелеріне арналған көшпелі Үкімет сағатында ІІМ-ге ойын-сауық орындарының санын қысқарту жөнінде сұрақ қойылды.
Мәжіліс депутаты Данабек Исабек 102 нөміріне келіп түсетін қоңыраулардың көбі түнгі уақытта және демалыс күндері тіркелетінін айтып, ойын-сауық орындарының қауіпсіздік деңгейін бағалау рейтингі қандай нәтиже беріп жатқанын сұрады.
Министр Ержан Сәденов рейтинг енгізу мәселені түбегейлі шешпейтінін атап өтті.
"Қазір рейтинг бойынша осындай 193 ойын-сауық орталығы бар. Ол жерде қылмыс, бұзақылық жасалған. Осындай мекемелерді анықтап, өзіміздің сайттарға жариялап, әкімдіктерге жеткіземіз. Не үшін? Халық көріп, өзі қорытынды шығару керек. Ол жерде тағамы тәтті болса, ойын-сауық ұйымдастыру мәселесі дұрыс болса, сол рейтингке қарамастан ел барып жатады. Оны біз білеміз, бәріміз куәміз. Кейбіреулеріңіз баратын да шығарсыздар... Білеміз ғой, оны, қалай екенін", - деп жауап берді министр.
Сондай-ақ отырыс барысында әскердегі өлім-жітім мәселесі де сөз болды.
Депутаты, эксперты и представители госорганов обсудили вопросы повышения привлекательности воинской службы