Мектеп оқушысы "Кубик рубикті" жинай алатын роботты ойлап тапты

802
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/JpXxcUFxvmmTqQb2d4c1n1NMBX27FVd8PgQVvdJc.webp

Астанадағы Әлімхан Ермеков атындағы № 38 мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы Шахназар Камалов бір минут ішінде «Кубик Рубикті» толықтай автоматты түрде жинай алатын робот жобасын көпшілікке таныстырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Робот LEGO Mindstorms EV3 конструкторы негізінде жасалған. Арнайы сенсорлар кубиктің әр қырын сканерлеп, түстерін анықтайды. Алынған деректерді талдай отырып, робот ең тиімді алгоритмді таңдайды. Соған сай кубикті дәл және жылдам жинайды. Бағдарламалау EV3 Classroom платформасында Python тілінде жүзеге асырылған.

Әкімдік хабарламасында жоба оқушыға алгоритмдік ойлау дағдыларын дамытуға, инженерлік есептерді шешуге және робот қозғалысының әр бұрышы мен айналуын дәлдікпен басқаруға мүмкіндік бергені айтылған.

Комментарии