«Барыс» демалыс орталығының тәрбиеленушісі Избакиев Тимур жасөспірімдер арасындағы ASKHATOV OPEN дзюдо турнирінде күміс жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Аталған жарыс үздік жас спортшылардың басын қосып, қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, спорттық шеберлігін және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті. Тимур Избакиев бірқатар белдесулерді сенімді өткізіп, техникалық дайындығы мен ерік-жігерін таныта отырып, финалға жолдама алып, екінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, бүгінде Алматы қаласында шамамен 100 демалыс орталығы жұмыс істейді. Бұл орталықтарда балалар мен жастар үшін спорт, шығармашылық, IT, ғылым және тұлғалық даму бағыттары бойынша тегін үйірмелер мен секциялар ұйымдастырылған. Демалыс орталықтары жастардың өзін-өзі дамытуына қолайлы орта қалыптастырып, қабілеттерін ашуға және белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.
Демалыс орталықтары жобасы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жүзеге асырылып, балалар мен жастардың жан-жақты дамуына жағдай жасауға, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.
Как в 2021 году Костанайская область продвинулась в вопросах цифровизации? Разберемся на нескольких примерах