Бүгін Астанадағы Волонтерлер форумында президент Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық реформалар жөніндегі Конституциялық комиссияның бірнеше отырысы жаңа Конституция қабылдау керек деген байламға келгенін айтып, соған назар аударды, деп хабарлайды "Адырна".
«Мен былтырғы Жолдауымда алдағы саяси жаңғырудың негізгі бағыттары туралы ұсыныстарымды айттым. Бұл бастамалар қоғамның кең қолдауына ие болды, оны бүкіл ел болып талқыладық. Жарты жылдан бері конституциялық реформаға қатысты қызу пікірталас жүріп жатыр. Партиялардан, депутаттар мен сарапшылардан, заңгерлер мен қоғам белсенділерінен мыңдаған ұсыныс келіп түсті. Онда мемлекеттің институционалдық негіздерін өзгертуден бастап, Ата Заңның мәтінін редакциялауға дейін, өте көп мәселе қамтылды», - деді Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия отырыстарында Ата Заңымызға қатысты көптеген прогрессивті, инновациялық ұсыныстар берілгеніне назар аударды
«Халықтан келіп түскен ұсыныстарды жүйелеп, жинақтау үшін Конституциялық комиссия құрылды. Комиссия жұмысы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне тың серпін берді. Комиссия мүшелері конституциялық реформаға қатысты әр мәселені егжей-тегжейлі қарап, жан-жақты талқылап, ауқымды жұмыс атқарып жатыр. Осыған дейін Комиссияның 5 отырысы өтті. Оның бәрі әлеуметтік желіде тікелей эфирден көрсетіліп, ақпарат құралдары арқылы кеңінен таратылды», - деді президент.
Призыв к международному сообществу: «Посмотрите и вы на совершаемый армянами экологический террор» — Агиль Алескер
Министр юстиции: изменения в Конституцию повысят предсказуемость и последовательность действий государства