Проблемалық кредиттер қоры басқармасының экс-басшысы ұсталды

332
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/UnAFyIAOY9kOVmJlw5ooT7o1AF2xGg8Q40yWUEzW.webp

Қаржы министрлігінің «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы ұсталды. Бұл жөнінде Ұлттық қауіпсіздік қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікке ілінген.

Тергеу материалдарына сәйкес, экс-басшы жекеменшік иесіне қорға аударылуға тиіс кепіл мүлкін сатудан түскен ақша қаражатын ұстап қалу құқығын заңсыз беріп, мемлекетке 11,4 млрд теңге көлемінде залал келтірген.

Бұдан бөлек, ол мемлекеттік мүлікті төмендетілген құнмен сатқан, осының салдарынан бюджетке 1,3 млрд теңгеден астам қаражат түспей қалған.

Сондай-ақ құжаттарды қолдан жасау арқылы кепілге қойылған жер учаскелерін сатып, қорға 800 млн теңге көлемінде залал келтірген борышкер компаниялардың меншік иесі мен оның сыбайластары ұсталған.

«Соттың санкциясымен олар Қылмыстық кодекстің 190 және 361-баптары бойынша қамауға алынып, мүлікке тыйым салынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды»,-делінген хабарламада.

Комментарии