KIA зауыты жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумды қолдайды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/9QzCvbGjlBy4qPvJ3s4jPkIauQSclxe8vJNuGepz.webp

KIA зауыты – еліміздегі жаңа әрі жоғары технологиялық кәсіпорындардың бірі. Өндірістік алаң 2025 жылдың қазан айында ірі инвестициялар мен елде жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың қолдауының арқасында іске қосылды.

Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 70 мыңға дейін автокөлік шығаруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда зауыт қарқынды дамып келеді, ұжым қатары жас мамандармен толығуда. Өндіріс толық жобалық қуатына шыққан кезде мұнда 1500 адамға дейін жұмыс істейтін болады.

Бұл – технологиялық үдерісте 70 өнеркәсіптік робот қолданылатын, еліміздегі ең роботтандырылған автозауыттардың бірі саналатын заманауи өндіріс орны.

Ұжым үшін жаңа Конституция жобасында еңбек қауіпсіздігіне, әділ еңбекақыға және қызметкерлердің құқықтарын күшейтілген қорғауға кепілдіктердің бекітілуі айрықша маңызды.

«Біз жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумды қолдаймыз, өйткені мықты экономика адам еңбегіне деген құрметтен басталады деп сенеміз. Біз - даму үшін, біз - Қазақстанның болашағы үшін», - дейді кәсіпорын ұжымы.

Заманауи өндіріс пен қорғалған еңбек - экономикалық өсім мен ертеңгі күнге деген сенімнің берік негізі.

Комментарии