Израиль Сыртқы істер министрі Гидеон Саар Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Қошербаевпен телефон арқылы сөйлесіп, Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуін талқылады, деп хабарлайды "Адырна".
Report агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Израиль СІМ-нің баспасөз қызметі «X» әлеуметтік желісінде хабарлаған.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Саар Қазақстанмен екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға ниетті екенін білдірген.
«Мен оны (Қошербаевты – ред.) Иранға қарсы соғыстағы оқиғалардың дамуы туралы, сондай-ақ Тегеранның көрші мемлекеттерге жасаған шабуылдары туралы ақпараттандырдым. Сондай-ақ Қазақстанмен екіжақты жақсы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға деген міндеттілігімізді жеткіздім», - деп жазды Гидеон Саар.
Бұл сөйлесу екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстарды күшейту және өңірдегі қауіпсіздік мәселелерін талқылау аясында жүзеге асты.
Оцифровать обмен иностранными бланками разрешений договорились министры транспорта Центральной Азии и Китая
