Израиль және Қазақстан министрлері Таяу Шығыстағы жағдайды талқылады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ayyOQMiHCJczzN2s4xetLvbvr2xcKuzMwzAyxQXY.webp

Израиль Сыртқы істер министрі Гидеон Саар Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Қошербаевпен телефон арқылы сөйлесіп, Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуін талқылады, деп хабарлайды "Адырна". 

Report агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Израиль СІМ-нің баспасөз қызметі «X» әлеуметтік желісінде хабарлаған.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Саар Қазақстанмен екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға ниетті екенін білдірген.

«Мен оны (Қошербаевты – ред.) Иранға қарсы соғыстағы оқиғалардың дамуы туралы, сондай-ақ Тегеранның көрші мемлекеттерге жасаған шабуылдары туралы ақпараттандырдым. Сондай-ақ Қазақстанмен екіжақты жақсы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға деген міндеттілігімізді жеткіздім», - деп жазды Гидеон Саар.

Бұл сөйлесу екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстарды күшейту және өңірдегі қауіпсіздік мәселелерін талқылау аясында жүзеге асты.

Comments