Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева журналист Ботагөз Омарованың ұсталуына байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна".
Министр бұл мәселенің ведомство бақылауында екенін атап өтті.
Аида Балаева өз жазбасында кез келген құқықтық мәселеде «Заң және тәртіп» қағидаты қатаң сақталуы тиіс екенін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, заң баршаға ортақ және барлық процессуалдық әрекеттер сыртқы араласусыз, тек белгіленген тәртіппен жүзеге асырылуы қажет.
«Мұндай жағдайларда заңда көзделген барлық рәсімдер аяқталғанға дейін асығыс түсіндіру жұмыстарын жасауға, дәлелсіз қорытындылар шығаруға және алдын ала баға беруге жол беруге болмайды», – деді министр
Министр өз сөзінде жақында қабылданған «Масс-медиа туралы» заңның талаптарына да тоқталды. Ол ақпараттың дұрыстығын тексеру – әрбір журналистің тікелей міндеті екенін еске салды.
Сонымен қатар, заңнамада (68-бап) журналистерді жауапкершіліктен босататын жағдайлар да қарастырылған. Мысалы, егер ақпарат ресми сөздерден өзгеріссіз, сөзбе-сөз келтірілген болса, журналист жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылмайды.
Аида Балаева аталған іс бойынша шешімнің әділ болатынына сенім білдірді. Министрлік жағдайды мұқият бақылап отыр және қажет болған жағдайда өз құзыреті аясында шаралар қабылдауға дайын екенін жеткізді.
Министр оқиғаның мәнін бұрмалау немесе процесс қатысушыларын негізсіз қаралауға әкелуі мүмкін мәлімдемелерден аулақ болуға шақырды.
Айта кетейік, бұған дейін сот журналист Ботагөз Омароваға қатысты бұлтартпау шарасын таңдап, оны екі ай мерзімге үйқамаққа алғанын хабарладық.
Мәліметке сәйкес, журналист Жәния Ұранқаева бұл жаңалықты өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Оның айтуынша, Омарованың тұрғылықты мекенжайында тінту жұмыстары жүргізіледі.
Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Ал 21 наурызда бір топ қазақстандық журналист президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қарата мәлімдеме жасап, журналист Ботагөз Омарованың ісін жеке бақылауына алуды сұраған. Бұған қоса, мәлімдемеде жалған ақпарат тарату бабын Қылмыстық кодекстен алып тастау жайлы айтылған.
“Сізден Ботагөз Омарованың ісін жеке бақылауға алуыңызды және бізді, журналистерді, осындай оқиғалардан қорғауыңызды сұраймыз, себебі Қылмыстық кодекстің 274-бабы көбінесе журналистерге қысым жасау құралы ретінде қолданылады. Конституцияның гаранты ретінде сізден осы бапты декриминализациялау туралы президенттік бастама көтеруіңізді сұраймыз,-” деген видеомәлімдеме журналистер.
В АЛЬ-ФАРАБИЙСКОМ РАЙОНЕ НА БЛАГО СТРАНЫ ПЕРЕДАНА СПОРТИВНАЯ ПЛОЩАДКА, ПОСТРОЕННАЯ ЗА СЧЕТ НЕРАВНОДУШНЫХ ГРАЖДАН
