С5+Талибан. Орталық Азия елдерінің Ауғанстанмен алғашқы кеңесі өтті

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/0WGcoIGcbLVsleOI8N8TXbPBEBviZrmPwuN38fGG.jpg

Кабулда алғаш рет Ауғанстан мен Орталық Азия елдерінің кеңесі өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жиын 2026 жылдың 5 сәуірінде Кабул қаласында болған. Іс-шараны Ауғанстан сыртқы істер министрлігі ұйымдастырды.

Кездесуді Ауғанстанның сыртқы істер министрі Амир Хан Муттаки жүргізді. Жиынға Ауғанстан мен Орталық Азия елдерінің жоғары лауазымды өкілдері қатысты.

Бұл – 2021 жылдан бері Кабулда өткен алғашқы осындай форматтағы кездесу. Бұған дейін Орталық Азия елдері ауған тарапының өкілдерімен кездесулерді негізінен басқа қалаларда өткізіп келген.

Келіссөздер барысында саяси, экономикалық және қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Сондай-ақ өңірлік ынтымақтастықты дамыту, сауда мен транзитті кеңейту мәселелері күн тәртібіне шықты. Амир Хан Муттаки өз мәлімдемесінде Ауғанстан мен Орталық Азия елдері үшін ортақ қауіп-қатерлер қатарында есірткі тасымалы және трансшекаралық қылмыс бар екенін атап өтті.

Ауған билігі бұл диалогты аймақпен байланысты нығайтудағы маңызды қадам ретінде бағалап отыр. Министрдің айтуынша, елде мемлекеттік басқару жүйесі нығайып, цифрландыру мен бюрократиялық процестерді жеңілдету жұмыстары жүргізілуде.

Орталық Азия елдері соңғы жылдары әлемдік державлар және көрші елдермен С5+1форматында саммит өткізуді әдетке айналдырып келе жатыр.

Комментарии