Қатар Ираннан келтірілген шығын үшін өтемақы талап етті

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/LeI4iZfFpg5lGaE6RqSF9lV3bEhXq8x2JVzm3PhI.jpg

Қатар билігі Иран тарапынан жасалған шабуылдарды заңсыз деп бағалап, олардың халықаралық жауапкершілікке әкелетінін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қатар сыртқы істер министрлігі Антониу Гутерришке, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі төрағасы, Бахрейннің тұрақты өкілі Жамал Фарес ар-Ровайеге ресми хат жолдаған.

Құжатта Иран шабуылдарының азаматтық нысандарға бағытталғаны атап өтілген. Мұндай әрекеттер Женева конвенциялары мен халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын өрескел бұзу ретінде бағаланған.

Қатар СІМ мәлімдемесінде Иранның әрекеттері келтірілген барлық шығынды өтеуге міндеттейтіні айтылған. Сонымен қатар, келген залалды арнайы органдар бағалайтыны хабарланды.

Ведомство БҰҰ мен Қауіпсіздік Кеңесін жағдайдың әрі қарай дамуы туралы хабардар етуді жалғастыратынын мәлімдеді.

Комментарии