Астанада түнде №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында өрт болды. Оқиға туралы Астана әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.
Әкімдік мәліметінше, №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының бір бөлмесінен өрт шыққаны туралы хабар 11 сәуір күні сағат 22:48-де түскен. Оқиға орнына 101 қызметі 22:55-те жеткен. Ал 23:08-де өрт толық сөндірілді.
“Жедел қызметтер мен медицина қызметкерлерінің шұғыл әрекетінің арқасында қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртке байланысты балалар көршілес ғимаратқа көшірілд”і, – делінген таратылған хабарламада.
Өрттің шығу себебі әзірге хабарланған жоқ.
Еске салсақ, түнде Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, үш бала қаза тапқан болатын.
Новости по теме
