Қытай Иранға әскери көмек көрсетіп жатқан жоқ. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрлігінің өкілі Линь Цзяньның Х әлеуметтік желісінде айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Қытай Иранға әскери қолдау көрсетті деп айыптайтын БАҚ хабарламалары толықтай қолдан жасалған», – делінген мәлімдемеде.
Сондай-ақ министрліктің ресми өкілі Пекиннің Вашингтон әрекеттеріне жауап беруі мүмкін екенін ескертті.
«Егер АҚШ осы айыптауларға сүйене отырып Қытайға қарсы тарифтерді арттыруды жалғастырса, еліміз қарсы шаралармен жауап береді», – деді ол.
Бұған дейін батыс бұқаралық ақпарат құралдары АҚШ барлау деректеріне сілтеме жасап, Қытайдың Иранға әуе қорғаныс жүйелерін, соның ішінде портативті зениттік-зымыран кешендерін жеткізуі мүмкін деген ақпарат таратқан еді. Бұл хабарламаларға АҚШ президенті Дональд Трамп та пікір білдіріп, Иранға қару-жарақ жеткізілген жағдайда Қытай үшін ауыр салдар болатынын ескерткен. Кейінірек Трамп Иранға көмектесетін елдерге 50% тариф енгізуі мүмкін екенін айтқан. Бұл шектеулерге, атап айтқанда, Қытай да ілігуі ықтимал.
