Жамбылда жасөспірімді суицидке итермелегендер сотталды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/UxRj6IbaPUCwpx9uOli6GuE55bVF35cmni5frMqZ.jpg

Жамбыл облысында кәмелетке толмаған баланы өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу дерегі бойынша үш адамға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Тергеу барысында 7–11 сынып оқушылары арасында бейресми көшбасшылардың пайда болып, «көшелік тәртіппен өмір сүру» ұстанымдарының қалыптасқаны анықталған. Мұндай құбылыс кей жағдайда жасөспірімдер арасында қалыпты жағдай ретінде қабылданатыны белгілі болды.

"Қайғылы оқиғаның себептері ретінде "үлкендер" тарапынан жүйелі түрде қорқыту, психологиялық қысым көрсету және еңбекке мәжбүрлеу фактілері анықталды.

Атап айтқанда, қайғылы оқиғаға дейінгі соңғы күндері кәмелетке толмаған жасөспірім жастар арасында "авторитет" ретінде танылған жоғарыда көрсетілген азаматтың үйінде мәжбүрлі түрде құрылыс жұмыстарын атқарған", - делінген хабарда.

Құзырлы орган ақпаратынша, ауылдың 22 жастағы тұрғыны, сондай-ақ 10-11 сыныптың екі оқушысы күдікті ретінде танылған.

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен олар кәмелетке толмаған баланы өзіне-өзі қол салуға дейін жеткізгені үшін кінәлі деп танылған.

"Негізгі орындаушыға 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, ал оның кәмелетке толмаған екі сыбайласының әрқайсысына 5 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген ақпаратта.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Комментарии