Астанада Меккеге қажылыққа баруды ұйымдастыру сылтауымен азаматтарды алдаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы хабарлады.
Ведомство мәліметінше, күдікті өзін қажылық сапарын ұйымдастырушы ретінде таныстырып, жалған әуе билеттері мен қонақүй қызметтерін ұсынамын деп азаматтардың сеніміне кірген. Соның нәтижесінде ол 17 адамды алдап, 7,4 млн теңгеден астам қаражатты иемденген.
Жәбірленушілер қатарында еліміздің түрлі өңірлерінен шыққан азаматтар, соның ішінде ата-аналарын қажылыққа жіберуді жоспарлаған отбасылар да болған.
Сот барысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, келтірілген шығынды өтегені белгілі болды.
Сот үкімімен ол ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Сонымен қатар оған пробациялық бақылау белгіленді.
Құзырлы органдар азаматтарды қажылық сапарларын ұйымдастыру кезінде тек ресми және тексерілген компанияларға жүгінуге шақырады.
Более тысячи встреч и почти миллион участников: как в Астане работала городская Общенациональная коалиция в поддержку новой Конституции
