Мәңгілік министр. Ресей шенеунігі 29 сәуір күні Қазақстанға келеді

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/MHmPGVOrx3efVl3WVkulIYHDKXAPUMEdiPBktBgm.jpg
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров 29-30 сәуір күндері Қазақстанға келеді. Бұл туралы брифингте Мария Захарова мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".
Сапар барысында ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болады, сондай-ақ Қазақстанның сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевмен кездеседі.
"Кездесуде екіжақты жан-жақты стратегиялық серіктестікті нығайту мәселелеріне, соның ішінде алдағы жоғары деңгейдегі байланыстар аясындағы ынтымақтастыққа басымдық беріледі", - деді Захарова.
Сергей Лавров соңғы рет Қазақстанға 2025 жылдың 10 сәуірінде келген болатын. Ол кезде Алматыда ТМД елдері сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өткен.
Бұған дейін ол 2024 жылғы қарашада Ресей президенті Владимир Путиннің мемлекеттік сапарына дайындық аясында Астанаға келген. Ол 2004 жылдан бері үздіксіз сыртқы істер министрі қызметін атқарып келеді.
Айта кетері, 2026 жылдың мамыр айында Қазақстан Владимир Путинді тағы да қабылдауға дайындалып жатыр.
Комментарии