Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ицхак Герцог Астанада орналасқан Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Мемлекет басшылары орталықтың қызметімен танысып, мұнда таланттарды анықтау, даярлау және жасанды интеллектке негізделген шешімдерді жаһандық деңгейде дамытуға дейінгі толық технологиялық цикл іске асырылатыны жөнінде ақпарат алды. Сапар барысында Израиль президентіне Қазақстанның цифрландыру саласындағы жетістіктері және жасанды интеллект технологияларын экономика мен әлеуметтік салаға енгізу бағытындағы бастамалары таныстырылды.
Сондай-ақ тараптар Astana Smart City жобасының жүзеге асу барысымен танысты. Жоба аясында елорданың жаңа интеллектуалды инфрақұрылымы қалыптастырылып, қаланы басқаруда заманауи цифрлық шешімдер енгізу көзделген.
Глава Казахстана Касым-Жомарт Токаев выступил перед парламентом с Посланием народу «Экономический курс Справедливого Казахстана»
