Түркия Израиль президенті Ицхак Герцог мінген ұшаққа өз әуе кеңістігі арқылы ұшуға рұқсат бермегені айтылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы шетелдік БАҚ-қа сілтеп.
Мәліметке сәйкес, РИА Новости агенттігі Анкарадағы дипломатиялық дереккөздің ақпаратын жариялаған. Онда Түркия әуе кеңістігі Израильдің ресми делегациялары мен қару-жарақ тасымалдайтын әуе кемелері үшін жабық екені айтылған.
Сонымен қатар, үшінші елдердің тұрақты азаматтық рейстері үшін әуе кеңістігі ашық күйінде қалып отыр. Израильдік әуе компаниялары да оны транзиттік мақсатта пайдалана алады.
Түркияның рұқсат бермеуіне байланысты ұшақ бағытын өзгертіп, Еуропа мен Ресей аумағы арқылы ұшуға мәжбүр болған. Қалыпты жағдайда рейс Түркия, Армения және Әзербайжан арқылы өтетін еді.
Маршруттың өзгеруі салдарынан Тель-Авив пен Астана арасындағы ұшу уақыты шамамен сегіз сағатқа созылған.
Айта кетейік, Түркия Газа секторы аумағындағы әскери операция басталғаннан кейін Израильмен дипломатиялық қатынастарын үзген. Қазіргі таңда екі ел арасындағы байланыс тек арнайы қызметтер арқылы жүзеге асырылып отыр.
Управлением туризма Алматинской области на территории области организован специальный скаутский лагерь для подростков
