Алатау аспанында ұшқан аппараттар жұрттың талқысына түсті

266
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/SE3sWRe20Wrz07B4kmn5Dt4PNa1k8ntrkOaqNDmH.jpg

Алатау қаласының аспанында байқалған ерекше ұшу аппараты әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Кейбір тұрғындар оны әскери дрон немесе жол ережесін бақылауға арналған құрылғы деп болжаған. Алайда Алматы облысы әкімдігі бұл аппараттың аэротакси екенін мәлімдеді.

Әкімдік мәліметінше, видеода көрсетілген құрылғы – AutoFlight компаниясының жолаушылар тасымалына арналған eVTOL аппараты. Қазір алғашқы сынақ ұшулары жүргізіліп жатыр.

"Бұл жұмыстар Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы демонстрациялық ұшуға дайындық аясында жүзеге асырылуда. Ұшу 2026 жылғы 19 мамырға жоспарланған", – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жоба аясында Алатауда жүк жеткізуге арналған ұшқышсыз жүйелер мен қалалық әуе қозғалысын цифрлық басқару технологиялары да сынақтан өтуде. Жобаға Оңтүстік Корея, Италия және Қытай серіктестері қатысуда.

Ұйымдастырушы – Alatau Advance Air Group. Барлық сынақ ұшулары уәкілетті органдармен келісілген.

Комментарии