Сотты болған Сатыбалдыұлы колледжге неге барды? Министрлік түсіндірді

118
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/vYQygl56bkFvHhcMtUQMrrknLTiny3G0pEva30fB.jpg

Қорғаныс министрлігінде Кайрат Сатыбалдыұлының әскери-спорт колледжіне баруына қатысты ақпаратқа түсініктеме берілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұған дейін Қайрат Сатыбалдыұлының Б.Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжі студенттеріне дәріс оқығаны туралы ақпарат тараған. Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев Кайрат Сатыбалдыұлының дәріс оқымағанын айтты.

«Колледждің 40 жылдық мерейтойы өтті. Бұл шараны түлектер ұйымдастырды. Қорғаныс министрлігінің оған қатысы жоқ. Ол оқу орнының түлегі ретінде келді. Дәріс оқыды дегенді алғаш естіп отырмын. Ол дәріс оқыған жоқ және оқымайды. Дәріс оқу үшін оқытушылық құрамда болу қажет», – деді вице-министр.

Сонымен қатар Дархан Ахмедиев бұл жағдайға байланысты оқу орны басшылығына шара қолданылғанын жеткізді.

«Шара қолданылды. Егер қателеспесем, қызметінен босатылды», – деді ол.

Алайда нақты кімнің қызметінен босатылғаны жөнінде министрлік өкілі нақтылап айтпады.

Комментарии