Тоқаев пен Путин Астанада көшет отырғызды

107
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/0BU0Z6pa5rDkBrq1Cx5UybsCbn1OWg4DukxzMwvC.webp

Ресми сапар аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин ерекше рәсімге қатысты. Мемлекет басшылары екі елдің мәңгі достығына арналған аллеяда емен көшетін отырғызды. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Халықаралық дипломатияда ағаш егу – мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың ұзақмерзімділігі мен беріктігін білдіретін терең мағыналы дәстүр. Бұл жолы таңдаудың емен ағашына түсуі де тегін емес. Емен өзінің ұзақ жасауымен, мықтылығымен және тамырының тереңге бойлауымен ерекшеленеді.

Еске салсақ, 27 мамыр күні Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген еді. 28  мамыр күні қос президент бірнеше маңызды құжаттарға қол қойды. Ал бүгін, 29 мамырда Жоғары Еуразиялық кеңестің отырысы өтеді.

Комментарии